1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда мемлекеттің меншігінде қалатын ұйымдар үшін бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысанды айқындау бөлігінде мемлекеттің меншік құрылымын реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде мемлекеттің меншігінде қалатын ұйымдар үшін бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысанды айқындау бөлігінде мемлекеттің меншік құрылымын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 85-ө өкіміне
қосымша
Мемлекеттің меншігінде қалатын ұйымдар үшін бірыңғай ұйымдық- құқықтық нысанды айқындау бөлігінде мемлекеттік меншік құрылымын реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, жетекші
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, орынбасар
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаментінің директоры