1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 2-ө өкiмiмен бекiтiлген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Кедендердің, кеден бекеттерінің және Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдары нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2015 жылғы қаңтар |
2. | "Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызметі және кеден органдары лауазымдарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643 қпү қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2015 жылғы қаңтар |
3. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, МҚІСҚА (келісім бойынша) | 2015 жылғы қаңтар |
4. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларын бекіту туралы | бұйрық | МҚІСҚА (келісім бойынша) | 2015 жылғы қаңтар |
5. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу тәртiбін бекіту туралы | бұйрық | МҚІСҚА (келісім бойынша) | 2015 жылғы қаңтар |
6. | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің борышкерге iздеу салуды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы | бұйрық | МҚІСҚА (келісім бойынша) | 2015 жылғы қаңтар |
7. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аумақтық органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері нысанды киімінің сипаттары, айырым белгілері, киіп жүру тәртібі және онымен | бұйрық | Қаржымині | 2015 жылғы қаңтар |
8. | Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар кеден органдарының лауазымды адамдарының тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін және оны киіп жүру тәртібін бекіту туралы | бұйрық | Қаржымині | 2015 жылғы қаңтар |
9. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | ІІМ | 2015 жылғы қаңтар |
10. | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Әділетмині | 2015 жылғы қаңтар |
11. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Қаржымині | 2015 жылғы қаңтар |
12. | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | ДСӘДМ | 2015 жылғы қаңтар |
13. | "Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | ЭМ | 2015 жылғы қаңтар |
14. | Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | Қаржымині, ҰЭМ | 2015 жылғы қаңтар |
15. | "Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №95/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бірлескен бұйрық | Қаржымині, ҰЭМ | 2015 жылғы қаңтар |
16. | Қазақстан Республикасының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларын және оларды беру нұсқаулығын бекіту туралы | бұйрық | Қаржымині МКК | 2015 жылғы қаңтар |
17. | Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу тәртiбін бекіту туралы | бұйрық | Қаржымині МКК | 2015 жылғы қаңтар |
18. | Мемлекеттік кірістер органдарының (экономикалық тергеу қызметі) жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы | бұйрық | Қаржымині МКК | 2015 жылғы қаңтар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МҚІСҚА | – | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
Әділетмині | – | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
ДСӘДМ | – | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
Қаржымині МКК | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті |