Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2019 № 446 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.05.2019 № 40 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 27.03.2015 № 224 және Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабының 3-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі;
2) Осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 27.03.2015 № 224 және Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің орынбасары С.М.Жұманғаринге жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы |
Премьер-Министрінің | Өңірлік даму министрі |
орынбасары - Қазақстан | _____________ Б. Жәмішев |
Республикасы Қаржы министрі | |
_______________ Б. Сұлтанов |
Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 27.03.2015 № 224 және Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ | Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі |
1 | Бастапқыда Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыруда соңғы үш жыл бойынша және Тізілімді одан әрі жүргізу үшін алдыңғы күнтізбелік жыл бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісінің жиынтық жылдық табысы немесе арнаулы салық режимін қолданатын субъектінің табысы туралы деректер |
2 | Бастапқыда Тізілімді қалыптастыруда соңғы жыл бойынша және Тізілімді одан әрі жүргізу үшін алдыңғы күнтізбелік жыл бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны туралы деректер |
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер
органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну
қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 27.03.2015 № 224 және Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Осы Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын 15 қарашаға дейінгі мерзімде Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің электронды байланыс арнасы арқылы осы бірлескен бұйрықпен бекітілген мәліметтерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінде жоқ болған жағдайда Мәліметтер "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттар түрінде жіберіледі.
3. Мәліметтерді беру салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды тұлғалармен ғана жүзеге асырылады. Лауазымды тұлғалар тізбесі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
4. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды тұлғалары алынатын ақпараттың тек қана тікелей мақсаты бойынша және оны ұсынған тарапқа залал тигізбей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.