"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 2-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 2-ө өкiмiмен
бекiтiлген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Кедендердің, кеден бекеттерінің және Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдары нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2015 жылғы қаңтар

2.

"Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызметі және кеден органдары лауазымдарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643 қпү қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2015 жылғы қаңтар

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, МҚІСҚА (келісім бойынша)

2015 жылғы қаңтар

4.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2015 жылғы қаңтар

5.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу тәртiбін бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2015 жылғы қаңтар

6.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің борышкерге iздеу салуды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2015 жылғы қаңтар

7.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аумақтық органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері нысанды киімінің сипаттары, айырым белгілері, киіп жүру тәртібі және онымен
қамтамасыз ету нормасын бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2015 жылғы қаңтар

8.

Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар кеден органдарының лауазымды адамдарының тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін және оны киіп жүру тәртібін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2015 жылғы қаңтар

9.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2015 жылғы қаңтар

10.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

Әділетмині

2015 жылғы қаңтар

11.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

Қаржымині

2015 жылғы қаңтар

12.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ДСӘДМ

2015 жылғы қаңтар

13.

"Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ЭМ

2015 жылғы қаңтар

14.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

Қаржымині, ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар

15.

"Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №95/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бірлескен бұйрық

Қаржымині, ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар

16.

Қазақстан Республикасының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларын және оларды беру нұсқаулығын бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині МКК

2015 жылғы қаңтар

17.

Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу тәртiбін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині МКК

2015 жылғы қаңтар

18.

Мемлекеттік кірістер органдарының (экономикалық тергеу қызметі) жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы

бұйрық

Қаржымині МКК

2015 жылғы қаңтар

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

МҚІСҚА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ДСӘДМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қаржымині МКК

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады