Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 65-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы 144-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 10.10.2017 № 144-ө өкімімен.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 65-ө өкіміне
қосымша

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 65-ө өкіміне
қосымша

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеті Бағдарламаны орындаудың негізгі параметрлерін қарау болып табылады.

      5. Комиссияның функциялары:

      1) қаржыландыру лимиттерін келісу және Бағдарлама бағыттары мен өңірлер бойынша қаражат бөлу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      2) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарау әрі орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерді тыңдау;

      3) Бағдарламаның іске асырылуына байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;

      4) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражатты өңірлер арасында бөлуді қарау және келісу;

      5) басқа өңірлердің бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартуы нәтижесінде, сондай-ақ инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға арналған тиісті құжаттаманы ұсынбаған кезде қалыптасқан сомаларды өңірлер арасында қайта бөлу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      6) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;

      2) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға;

      3) отырыстарда Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;

      4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.

      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды деп есептеледі.

      11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      12. Дауыс беру парақтарымен қоса Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

5. Комиссия қызметін тоқтату

      13. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің өкіміне сәйкес тоқтатады.

О создании Межведомственной комиссии по вопросам реализации Дорожной карты занятости 2020

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 20 июля 2015 года № 65-р. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 10 октября 2017 года № 144-р

      Сноска. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра РК от 10.10.2017 № 144-р.

      1. Создать Межведомственную комиссию по вопросам реализации Дорожной карты занятости 2020 (далее - Комиссия) в составе согласно приложению к настоящему распоряжению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии.

      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.

      Премьер-Министр К. Масимов

  Приложение
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 20 июля 2015 года № 65-р

Состав
Межведомственной комиссии по вопросам реализации Дорожной карты занятости 2020

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель

      Министр здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, заместитель председателя

      вице-министр здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, секретарь

      вице-министр финансов Республики Казахстан

      вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан

      вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан

      депутат Сената Парламента Республики Казахстан, председатель Комитета по социально-культурному развитию (по согласованию)

      депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      председатель правления акционерного общества "Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства" (по согласованию)

      председатель Федерации профсоюзов Республики Казахстан (по согласованию)

      заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

  Приложение
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 20 июля 2015 года № 65-р

Положение
о Межведомственной комиссии по вопросам реализации Дорожной карты занятости 2020

1. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия по вопросам реализации Дорожной карты занятости 2020 (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Целью деятельности Комиссии является выработка предложений по реализации Дорожной карты занятости 2020, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 162 (далее - Программа).

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Задачи и функции Комиссии

      4. Основной задачей Комиссии является рассмотрение основных параметров выполнения Программы.

      5. Функциями Комиссии являются:

      1) выработка рекомендаций по согласованию лимитов финансирования и распределению средств по направлениям Программы и регионам;

      2) рассмотрение основных итогов выполнения Программы и заслушивание отчетов центральных и местных исполнительных органов по реализации Программы, а также государственных, отраслевых программ и программ развития территорий соответственно, в части создания рабочих мест по отраслям и в регионах, а также трудоустройстве;

      3) внесение на рассмотрение Правительства Республики Казахстан предложений по вопросам, связанным с реализацией Программы;

      4) рассмотрение и согласование перечня опорных сельских населенных пунктов, определенных для комплексного развития в рамках Программы, и распределение средств на финансирование развития опорных сел между регионами;

      5) выработка рекомендаций по перераспределению между регионами сумм, образовавшихся в результате отказа других регионов от распределенных и (или) распределяемых средств, а также при непредставлении соответствующей документации на инвестиционные и инфраструктурные проекты;

      6) выработка рекомендаций по эффективному использованию бюджетных средств в рамках реализации Программы.

3. Права Комиссии

      6. Комиссия в установленном порядке и по вопросам, входящим в ее компетенцию, имеет право:

      1) вносить предложения в Правительство Республики Казахстан по совершенствованию законодательства по вопросам занятости населения Республики Казахстан;

      2) запрашивать необходимую информацию у государственных органов, ведомств и организаций по вопросам, относящимся к компетенции Комиссии;

      3) заслушивать на заседаниях членов Комиссии, ответственных представителей государственных органов и иных организаций по вопросам, относящимся к ведению Комиссии;

      4) осуществлять иные права, необходимые для осуществления возложенных на Комиссию задач.

4. Организация деятельности Комиссии

      7. Председатель Комиссии, а в случае его отсутствия заместитель председателя Комиссии, руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях Комиссии, планирует ее работу.

      8. Рабочим органом Комиссии является Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.

      Рабочий орган осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.

      9. После проведения заседания Комиссии секретарь Комиссии оформляет протокол. Секретарь не является членом Комиссии.

      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости и считаются правомочными, если на них присутствует не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      11. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования по форме согласно приложению к Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее - Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму- отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.

      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.

      Члены Комиссии после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.

      12. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.

5. Прекращение деятельности Комиссии

      13. Комиссия прекращает свою деятельность в соответствии с распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан.