1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 108-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰЭМ | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
2. | Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
3. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
4. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, Қаржымині | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
5. | Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
6. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, Қаржымині | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
7. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, Қаржымині | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
8. | "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ | 2015 жылғы қараша | М.Ә. Құсайынов |
9. | Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ | 2015 жылғы қараша | Қ.А. Өскенбаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі