Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 108-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 108-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

2.

Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

3.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

4.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

5.

Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

6.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

7.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

8.

"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ

2015 жылғы қараша

М.Ә. Құсайынов

9.

Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ

2015 жылғы қараша

Қ.А. Өскенбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады