1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының "Өзін-өзі реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тізбеге сәйкес тиiстi ведомстволық нормативтік құқықтық актiлерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2015 жылғы 20 қарашадағы № 109-ө өкiмiмен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасының "Өзін-өзі реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
Р/с № | Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы | Актiнiң нысаны | Орындау ға жауапты мемлекет тік органдар | Орындау мерзiмi | Нормативтiк құқықтық актiлердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | Қ.Б. Қожахметов |
2 | "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | Қ.Б. Қожахметов |
3 | Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы қаңтар | Т.М. Жақсылықов |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.