Қазақстан Республикасының "Өзін-өзі реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 109-ө өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының "Өзін-өзі реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тізбеге сәйкес тиiстi ведомстволық нормативтік құқықтық актiлерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 109-ө өкiмiмен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының "Өзін-өзі реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

Р/с №

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындау ға жауапты мемлекет тік органдар

Орындау мерзiмi

Нормативтiк құқықтық актiлердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

"Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қаңтар

Қ.Б. Қожахметов

2

"Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қаңтар

Қ.Б. Қожахметов

3

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2016 жылғы қаңтар

Т.М. Жақсылықов

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады