Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9248 тіркелді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 06.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 10 қаулысымен
бекітілді

Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң), "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" (бұдан әрі – Секьюритилендіру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.

      Қағидалар:

      уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;

      уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға олар ерікті зейнетақы жарналарын тарту есебінен емес қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде;

      "өмірді сақтандыру" саласында қызметті және уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясының негізінде сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) есебінен қалыптастырылған активтерді дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына (бұдан әрі – сақтандыру ұйымдары) қолданылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жөніндегі қызметі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (бұдан әрі – Сақтанушының инвестицияларға қатысу қағидалары) белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 29 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін Секьюритилендіру туралы заңға сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;

      2) биржалық ивестициялық пай қоры (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) – пайлары қор биржасында айналыста болатын индекстік инвестициялаудың аралық ивестициялық пай қоры;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптары мен шектеулерін, активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;

      5) инвестициялық портфель – инвестициялық портфельді басқарушының меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдарының алуан түрлерінің не өзге мүліктің жиынтығы;

      6) инвестициялық портфельді басқарушы – өз атынан клиенттің мүддесінде және оның есебінен азаматтық құқықтар объектілерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      7) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт – оған сәйкес клиент мүлікті инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беретін, ал инвестициялық портфельді басқарушы осы мүлікті клиенттің мүддесі үшін басқаруды жүзеге асыруға міндеттенетін шарт;

      8) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесі – инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің инвестициялық шоттарында қамтылған, клиент пен оның активтерін сәйкестендіруді, инвестициялық портфельдің құрылымын және белгілі бір уақыт сәтінде клиенттің активтерімен мәмілелерді қамтамасыз ететін мәліметтер жиынтығы;

      9) инвестициялық шешім – инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;

      10) клиент – инвестициялық портфельді басқарушының қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға, сондай-ақ инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және активтері инвестициялық портфельді басқарушысында болатын, сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық қор және инвестициялық портфель, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтеріне қатысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;

      11) клиенттің активтері – инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы активтердің жиынтығы;

      12) құрылымдық өнім - шығару талаптары осы қаржы құралы бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары төлемдерінің оны шығару талаптарында берілген көрсеткіштерге қол жеткізуге және (немесе) оқиғалардың туындауына тәуелділігін көздейтін қаржы құралы;

      13) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдары бойынша баға белгілеуді үнемі жариялап отыруға және қолдауға өзіне міндеттеме алған қор биржасының мүшесі;

      14) мүдделер қақтығысы – инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиентінің (клиенттерінің) мүдделері бір-біріне сәйкес келмейтін жағдай;

      15) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      16) үлестес тұлғалар – тізбесі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес белгіленетін, тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) бір-бірімен (тұлғалардың бірімен) қабылданатын шешімдерге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;

      17) хеджирлеу – хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша легi хеджирлеу объектiсi деп танылады;

      18) ішкі құжаттар – инвестициялық портфельді басқарушының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызметінің талаптары мен тәртібін, қызметтер көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Инвестициялық қызметті басқару жөніндегі Қағидалармен реттелмеген бөлігіндегі қызмет инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарына, инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиенттері арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттарға, сақтандыру ұйымы мен сақтанушылар арасында жасалған сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2-1. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-2. Қағидалардың 7, 8, 29, 38, 41, 42, 43, 45, 54 және 55-тармақтарының ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін басқару жағдайларына қолданылмайды.

      Ескерту. Қағида 2-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті басқа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфельді шетелдік басқарушыға қайта сеніп тапсыруына жол берілмейді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының клиентпен жасасқан инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартында осы клиенттің портфелін басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруды басқа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфельді шетелдік басқарушыға не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 883-бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару белгіленген кезде сенімгерлікпен басқарушыға қайта сеніп тапсыру мүмкіндігі көрсетілген жағдайда, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта клиенттің алдындағы міндеттемелер бойынша клиентпен осы шартты жасасқан инвестициялық портфельді басқарушы жауап беретіні көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Инвестициялық портфельді басқарушының ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) мынадай:

      корпоративтік стратегияны, инвестициялық декларацияны және инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу, клиенттердің активтерін не инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау лимиттерін анықтау және қайта қарау, клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерінің және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерінің есебінен мәмілелер жасау туралы шешімдерді қабылдау кезінде жасалатын ұсынымдарды (бұдан әрі – ұсынымдар) дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

      ұсынымдар әзірлеу;

      инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитеті отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған инвестициялық шешімдерді және хаттамаларды ресімдеу;

      клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу;

      клиенттерге инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта көзделген тәртіпте инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтің нәтижелері туралы есептерді дайындау;

      клиенттердің инвестициялық портфелін басқаруды жүзеге асыру барысында басқа қаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекет жасау функцияларын қосқанда, бірақ олармен шектелместен, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелер;

      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше;

      3) ішкі аудит қызметі;

      4) инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында көзделген басқа да бөлімшелер.

      5. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған кезде инвестициялық портфельді басқарушының осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бөлімшелер қызметкерлерінің номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға тартылған бөлімшелер қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруына жол берілмейді.

      6. Инвестициялық портфельді басқарушының осы Ереженің 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелер қызметкерлеріне инвестициялық портфельді басқарушының басқа бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.

      Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған кезде осы Ереженің 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелер тәуекелдерді басқару және ішкі аудит функцияларын жүзеге асырады.

      6-1. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару қызметін мен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметімен үйлестіру кезінде лауазымды тұлға, бірінші басшыны қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға бір уақытта бақылау жүргізбейді.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-2. Қағидалардың 4, 5, 6 және 6-1-тармақтары сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт (бұдан әрi – шарт) жазбаша нысанда жасалады. Шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 44-тарауына сәйкес мүлiктi сенімгерлікпен басқару шарты туралы нормалар қолданылады.

      7-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялық басқару осындай сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7-2. Зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфельді басқару бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.

      Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады.

      Ескерту. Қағида 7-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 29 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Шартта мыналар көзделеді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) шарт тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi;

      2) пайда алушы немесе шарт бұзылған жағдайда клиенттің активтерін алатын тұлға туралы нұсқау;

      3) клиенттің активтерін енгізу, толықтыру және алу тәртiбi;

      4) клиент активтерiнiң ағымдағы құнын және инвестициялық портфельдің құрылымын айқындау тәртiбi мен кезеңдiлiгi;

      5) инвестициялық портфельді басқарушының сыйақы алу мөлшері және тәртiбi;

      6) инвестициялық портфельді басқарушының клиентке есептерді және осындай есептердің нысандарын беру тәртiбi мен мерзiмдерi;

      7) клиенттің активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан туралы мәліметтер немесе клиенттің инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға табыс етілген бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушы немесе шетелдік есеп айырысу ұйымы туралы мәліметтер;

      8) шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртiбi мен талаптары;

      9) шарттың қолданылу мерзiмi;

      10) осы Ереженің 13-тармағында көзделген тұрақсыздық айыбының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

      11) форс-мажор жағдайлары;

      12) шарттың қолданылуын тоқтату, оның iшiнде инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайдағы тәртiбi мен талаптары және осыған байланысты активтерді клиентке қайтару не клиенттің активтерін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға тапсыру рәсімдері.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Инвестициялық портфельді басқарушының акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасасатын инвестициялық қордың активтерін сенімгерлікпен басқару шартын жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Инвестициялық қорлар туралы Заңда белгiленедi.

      10. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Шарт жасасқан кезде клиент инвестициялық портфельді басқарушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) клиент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен (идентификаттау үшін) электрондық құжат;

      2) заңды тұлға - клиенттер (Қазақстан Республикасының резиденттері) үшін:

      жарғының (бар болса), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттің атынан шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, активтерді инвестициялық басқаруға қабылдау-өткізу актілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекеті барысындағы құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар нотариат куәландырған құжат;

      3) заңды тұлға - клиенттер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері) үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, активтерді инвестициялық басқаруға қабылдау-өткізу актілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекеті барысындағы құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар құжат;

      заңды тұлғаның шарт жасасатын және (немесе) іс-әрекеттерді жүзеге асыратын өкіліне қатысты заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;

      инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында көзделген құжаттар.

      Клиент Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 06.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11-1. Инвестициялық портфельді басқарушы жеке тұлға клиентпен шартты жасасқан кезде осындай жеке тұлға клиент ұсынған мәліметтердің негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.

      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттің шарт жасасу мақсатында ұсынған құжаттарын осы шарт бұзылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.

      13. Инвестициялық портфельді басқарушы, егер мұндай операцияны жүзеге асыру немесе мұндай мәмілені орындау мүдделер қайшылығының туындауына әкелетін болса, клиенттердің активтерімен операцияларды немесе мәмілелерді жасамайды.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты бұзған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы клиентке соңғыға осындай бұзушылық нәтижесінде келтірілген шығындарды және шартта белгіленген тұрақсыздық айыбын төлейді.

      14. Шарттың қолданылу кезеңінде инвестициялық портфельді басқарушы клиентпен келісім бойынша клиентке ақпараттық, талдау және консультация беру қызметтерін көрсетеді. Инвестициялық портфельді басқарушы осы қызметтерді көрсету кезінде клиентке шартқа сәйкес қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша кiрiс алатынына немесе шығындардың болмайтынына кепiлдiк бермейді.

      15. Инвестициялық портфельді басқарушы Қағидалардың 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің клиенттеріне осы инвестициялық портфельді басқарушымен шарттық қарым-қатынастарда болу бойынша және (немесе) осындай қатынастарды қолдау бойынша шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты жария етеді.

      16. Инвестициялық портфельді басқарушының бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында клиенттер үшін оңай қолжетімді болатын орындарда:

      1) инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесi;

      2) Қағидалардың 17-тармағына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының клиенттің бiрiншi талап етуі бойынша оған танысу үшiн ұсынатын құжаттарының тізбесі орналастырылады.

      17. Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттің бiрiншi талап етуі бойынша оған танысу үшiн:

      1) өзінің соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілігін;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерді сақтау деңгейі туралы мәліметтерді;

      3) уәкілетті органның соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданған қадағалап ден қою шаралары, санкциялары, әкімшілік жаза және өзге де ықпал ету шаралары туралы мәліметтерді. Әкімшілік жаза бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушыға немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы ақпарат беріледі;

      4) соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға не оның қызметкерлеріне қатысты қабылданған кәсіби ұйымның шешімдерін;

      5) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер, инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарын ұсынады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (15.05.2016 бастап қолданысқа енгізіледі; 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      18. Инвестициялық портфельді басқарушының клиентке Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттардың көшiрмелерiн беруден бас тартуына жол берілмейді. Инвестициялық портфельді басқарушы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттардың көшiрмелерiн клиентке бергені үшiн оларды дайындауға кеткен шығыстардың өлшемінен аспайтын мөлшерде ақы алады.

      19. Инвестициялық портфельді басқарушы шартты жасау және орындау барысында өзiнiң клиенті туралы мәлiметтердiң конфиденциалдылығын, сондай-ақ клиенттен алынған ақпараттың конфиденциалдылығын сақтайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Инвестициялық портфельді басқарушы шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде клиентке:

      1) өзiнiң қаржылық жағдайының нашарлау фактiлерi және себептері және пруденциялық нормативтердің бұзылуы;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесіндегі клиенттің активтері туралы мәліметтердің клиенттің инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға тапсырылған активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның немесе номиналды ұстаушының және шетелдік есеп айырысу ұйымының мәліметтеріне сәйкес келмеуі және осы сәйкессіздіктің пайда болу себептері;

      3) уәкілетті органның соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданған қадағалап ден қою шаралары, санкциялары, әкімшілік жаза және өзге де ықпал ету шаралары. Әкімшілік жаза бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушыға немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтер ұсынылады;

      5) мүдделер қайшылығының пайда болу мүмкіндіктері және фактілері туралы хабарлайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (15.05.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресiмделедi және почта байланысымен және (немесе) электронды почтамен және (немесе) факсимильдік және (немесе) телекстік және (немесе) телеграфтық хабарламамен немесе шартта немесе инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерімен клиентке жiберiледi. Сондай-ақ осы Қағидалардың 20-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген хабарламалар көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушының интернет-ресурсында орналастырылады.

      22. Инвестициялық портфельді басқарушының жарнамалық ақпаратты таратуы "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Инвестициялық қорлар туралы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелердің параметрлері (бағасы, көлемі және басқа да ықтимал параметрлері) туралы, клиенттердің активтерін инвестициялау кезіндегі кірістілік көрсеткіштері және инвестициялық портфельді басқарушының қызметін сипаттайтын басқа да көрсеткіштер туралы дәйексіз немесе жаңылдыратын мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауына немесе өзгеше түрде таратуына жол берілмейді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының өзінің қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзгеше түрде жариялауы кезінде өзінің толық атауын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күнін және нөмірін көрсетеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Инвестициялық пай қорының (сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің) активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың (инвестициялық портфельдің) активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектің, оның ішінде кредиторлар, дебиторлар және "репо" операцияларына қатысқан тұлғалар туралы мәліметтерді қосқанда, "репо" операцияларын ашу аясында пайда болған берешектің сомалары туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында осы инвестициялық портфельді басқарушының оның клиенттеріне ақпаратты жария ету жөніндегі қосымша талаптар (Қағидалардың 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23-тармақтарында айқындалған талаптардан басқа) белгіленеді.

      24-1. Қағидалардың 7, 8, 9, 10, 11, 11-1, 12-тармақтары инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жағдайларына қолданылмайды.

      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру талаптары

      Ескерту. 3-тараудың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Клиенттің инвестициялық портфелін басқару Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңға, Инвестициялық қорлар туралы заңға, Қағидаларға және клиенттің инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 29 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының және өзге де қаржы ұйымдарының меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде инвестициялық портфельді басқарушы осы Қағидаларда белгіленген талаптарға қосымша екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының және өзге де қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген клиенттердің активтерімен жасалатын мәмілелерге қатысты ерекше талаптар мен шектеулер белгіленген жағдайда, осындай клиенттің инвестициялық портфелін басқару көрсетілген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Клиенттің инвестициялық декларациясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының (бұдан әрі - Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары) 37-тармағында көзделген мәліметтер болады.

      Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар Инвестициялық қорлар туралы заңның 39-бабында белгіленген.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар Сақтанушының инвестицияларға қатысу қағидаларында айқындалған.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Егер клиентпен жасалған шартта осы көзделген болса, инвестициялық декларацияда инвестициялық басқаруға тапсырылған активтердің инвестицияланатын мерзіміне және клиенттің шотында қалуы мүмкін ақшаның барынша көп қалдығының мөлшеріне қойылатын талаптар болады.

      29. Инвестициялық портфельді басқарушының қаржы ұйымдары болып табылатын клиенттерінің инвестициялық декларациялары осы қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы ескеріліп жасалады және оны қаржы ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.

      30. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру барысында клиенттің активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитеті қабылдайды.

      Клиенттің активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау тәртібі, ұсынымның және инвестициялық шешімнің жасалу тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларында белгіленген.

      31. Егер инвестициялық портфельді басқарушының іс-әрекеттеріне байланысты емес жағдайлардың нәтижесінде клиенттің инвестициялық портфелінің құрылымы Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасында, Қағидаларда және (немесе) клиенттің инвестициялық декларациясында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тоқтатқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы осындай сәйкес келмеуді ушықтыратын қызметті дереу тоқтатады және бір күн ішінде осы сәйкес келмеуді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі және себептері туралы уәкілетті органға және клиентке хабарлайды.

      Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттің инвестициялық портфелінің құрылымын Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, уәкілетті органмен келісілген іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде, не осы іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасының, Қағидалардың және (немесе) клиенттің инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық шешiмдi бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы болған кезде дербес орындайды.

      33. Инвестициялық портфельді басқарушы мыналар бойынша мәмілелер жасасу жөнінде шешім қабылдамайды және мәмілелерді жүзеге асырмайды:

      1) клиенттің инвестициялық басқаруға берілген активтері есебінен инвестициялық портфельді басқарушының меншігіндегі қаржы құралдарын және өзге де мүлікті сатып алу бойынша;

      2) клиенттің активтерін өз меншігіне иеліктен шығару бойынша;

      3) қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушы бір мезгілде өз клиентінің мүдделерін және оның клиенті болып табылмайтын үшінші тұлғаның мүдделерін білдіргенде;

      4) инвестициялық портфельді басқарушы шығарған қаржы құралдарын және (немесе) осы инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын клиенттің активтері есебінен сатып алу бойынша;

      5) тарату процесіндегі эмитенттердің бағалы қағаздарын клиенттің активтері есебінен сатып алу бойынша;

      6) эмитент дефолты (эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда), эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру, қор биржасы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру күнінен бастап клиенттің активтері есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша;

      7) клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтеріне қатысты мәміле жасау кезінде төлемді күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді көздейтін;

      8) инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттің активтерін өзінің жеке міндеттемелерін немесе осы клиенттің инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметке байланысты емес үшінші тұлғалардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін пайдалануды көздейтін;

      9) клиенттің активтерін өтеусіз иеліктен шығару бойынша;

      10) қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдістерімен жасалған мәмілелерді қоспағанда, осы инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық қор болып табылмайтын клиенттің активтерінің құрамына сатып алу бойынша;

      11) нәтижесінде Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасында және (немесе) клиенттің инвестициялық декларациясында белгіленген талаптар бұзылатын.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасының күші жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын инвестициялық пай қорының пайларын сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (залалдардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

      Инвестициялық қорлар активтерінің, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (залалдардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдер активтерінің, инвестициялық портфельді басқарушының (сақтандыру ұйымының) басқаруындағы зейнетақы активтерінің және инвестициялық портфельді басқарушының (сақтандыру ұйымының) меншікті активтерінің қаржы нарығы лицензиаттарының дауыс беретін акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемі инвестициялық портфельді басқарушының (сақтандыру ұйымының) оларды сатып алуға уәкілетті органның келісімін алуды талап ететін мөлшерден аз болуы тиіс.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33-1. Құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдары инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асыратын мәміленің нысанасы болып табылмайды және олардың басқаруына қабылданбайды.

      Ескерту. Қағида 33-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33-2. Қайталама нарықта бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен зейнетақы активтері есебінен мәмілелер, мынадай жағдайларды қоспағанда, қор биржасында ғана жасалады:

      1) эмитенттің инвестициялық портфельдегі облигацияларды акцияларға конвертациялауы;

      2) артықшылық берілген сатып алу құқығын іске асыру;

      3) эмитенттің инвестициялық портфельдегі акцияларды сатып алу талабы;

      4) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды өткізу;

      5) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау;

      6) қор биржасы мәміле жасау кезінде сауда-саттық ашылмаған бағалы қағаздарды өткізу;

      7) эмитенттің меншікті бағалы қағаздарды сатып алуын жүзеге асыруы;

      8) халықаралық (шетелдік) нарықтарда Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттері шығарған (ұсынған), халықаралық (шетелдік) қаржы нарықтарында сауда-саттыққа түсетін қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша мәмілелер жасау;

      9) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында мәмілелер жасау;

      10) Қағидалардың 33-4 және 33-7-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау.

      Ескерту. Қағида 33-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33-3. Қор биржасында жасалатын бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру кезінде оларды сатып алу бойынша мәмілелерді қоспағанда, ашық сауда-саттық тәсілімен жасалады.

      "Кері репо" операциялары зейнетақы активтері есебінен қор биржасында орталық контрагенттің қызметін қолдана отырып, "автоматты" тәсілмен 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 33-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33-4. Зейнетақы активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысулар "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымы арқылы жүзеге асырылған кезде жасалады, мұнда тараптың қаржы құралдарын жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы өзге қаржы құралдарын алу бойынша немесе орталық контрагенттің қызметтерін қолдана отырып оның қарсы талаптарын орындаусыз мүмкін емес.

      Ескерту. Қағида 33-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33-5. Зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер мыналармен жасалмайды:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғалары;

      2) осы инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлеріне қатысты инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқарушылар;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушылар;

      4) Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғалары.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің нормалары ұйымдасқан нарықта ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерге, сондай-ақ Қағидалардың 33-2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      Инвестициялық портфельді басқарушы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) үлестік қаржы құралдарын, көрсетілген үлестік қаржы құралдарына конвертацияланатын борыштық қаржы құралдарын, сондай-ақ құрылымдық өнімдерді зейнетақы активтері есебінен сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.

      Ескерту. Қағида 33-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33-6. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнынан 10 (он) пайыздан аспауға тиіс.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) инвестициялардың жиынтық мөлшері бөлігінде белгіленген нормалар дауыс беретін акцияларынан 50 (елу) пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасынң Ұлттық Банкіне тиесілі, бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар мен қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.

      Зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың осы зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның банк шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоса алғанда, шетел валютасында номиналданған қаржы құралдарына жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнынан 50 (елу) пайыздан кем болады.

      Зейнетақы активтері есебінен эмитенттің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарына инвестициялардың жиынтық мөлшері эмитенттің осы шығарылымының орналастырылған борыштық бағалы қағаздарының жалпы санынан 50 (елу) пайыздан кем болады.

      Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан кем болады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы және инвестициялық портфельді басқарушылардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында жариялаған зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерге сәйкес осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан асқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтері есебінен Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларды, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларды сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.

      Ескерту. Қағида 33-6-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.06.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      33-7. Егер туынды қаржы құралдарының базалық активі зейнетақы активтерінің құрамына кіретін жағдайда, зейнетақы активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер хеджирлеу мақсатында ғана жасалады.

      Ескерту. Қағида 33-7-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33-8. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзімі 36 (отыз алты) айдан, шетелдік банктерде – 12 (он екі) айдан аспайды.

      Ескерту. Қағида 33-8-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Инвестициялық портфельді басқарушы осы Қағидалардың 33-тармағында белгіленген талаптармен қатар, Инвестициялық қорлар туралы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Инвестициялық қорлар туралы Заңның 41-бабында көзделген инвестициялық қордың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты тыйым салуларды сақтайды.

      35. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды және кастодиан орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға) өзінің инвестициялық портфельді басқарушының бұйрығын жазбаша растауын жіберу арқылы растайды.

      Егер бұл кастодиандық қызмет көрсету және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмі жүйесін жүргізу жөніндегі шарттардың талаптарында көзделсе, инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу барысында мәмiленi инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмiнде тіркеген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде кастодианның пайларды есептен шығару (есепке алу) бойынша мәмілелер жасауға келісімiн растайтын, қағаз тасымалдауыштағы құжаттардың түпнұсқаларын мiндеттi түрде беру шартымен факсимильді байланыс құралдарын пайдалануға жол берiледi.

      Егер бұл кастодиандық шартта және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмі жүйесін жүргізу жөніндегі шартта көзделсе, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі бұйрықты электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, электронды түрде жасауға және беруге жол беріледі.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35-1. Инвестициялық портфельді басқарушы биржалық ивестициялық пай қорларының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайларына күн сайын сұраныстар мен ұсыныстар қалыптастыру мақсаттары үшін әрбір биржалық ивестициялық пай қоры бойынша (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) маркет-мейкердің болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Инвестициялық портфельді басқарушы туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылмаған нарықта брокердің қызметін пайдаланбастан дербес жасалған мәмілелерді жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын тізілімге (бұдан әрі – тізілім) енгізу үшін есепті аптадан кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінің Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының талаптарына және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ақпарат ұсынады.

      Ақпарат ақпаратты беру күніндегі барлық қолданыстағы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықта туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 29 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, Инвестициялық портфельді басқарушы орталық депозитарийге жаңартылған ақпаратты және тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірмені ұсынады.

      37-1. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыруды аяқтағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы мына мәліметтерді:

      инвестициялық пай қорының атауын;

      инвестициялық пай қоры кастодианының атауын;

      инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңі басталған және аяқталған күнін (егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған болса, онда осы тармақта уәкілетті органның қордың пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірі көрсетіледі);

      пайларды бастапқы орналастыру кезінде инвестициялық пай қоры пайының номиналды құнын;

      пайларды бастапқы орналастыруды аяқтау күнгі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай қорының пайларының санын көрсете отырып, уәкілетті органға еркін нысанда жасалған инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру нәтижелері туралы есепті қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

      Ескерту. 3-тарау 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37-2. Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігі және 32-тармағы сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жағдайларына қолданылмайды.

      Қағидалардың 32-тармағы сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 37-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37-3. Қағидалардың осы тарауының талаптары сақтандыру ұйымы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтеріне қатысты қолданылмайды.

      Ескерту. 37-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтері есебінен, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зияндар) бөлігінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді есепке алуды және сақтауды, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржы компаниясының активтерін есепке алуды және сақтауды кастодиан мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған кастодиандық шарт негізінде кастодиан жүзеге асырады.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерін қоспағанда, клиенттердің бағалы қағаздарын есепке алуды инвестициялық портфельді басқарушы мен нақтылы ұстаушы арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шарттың негізінде бағалы қағаздарды нақтылы ұстау бойынша қызметтер көрсететін шетелдік есеп айырысу ұйымы немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы (бұдан әрі - нақтылы ұстаушы) жүзеге асырады.

      Клиенттердің бағалы қағаздардан басқа, өзге де активтерін есепке алуды және сақтауды кастодиан жүзеге асырады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы деп мыналар түсініледі:

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-бас банктің еншілес банкі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, мынадай талаптарға сәйкес келетін шетелдік ұйым:

      заңды тұлғаның шыққан елінде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалаушы орган) берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) бар;

      заңды тұлғаның шыққан елінің шетелдік қадағалаушы органы Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссияның консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумына қол қойған;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес рейтинг бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтинг бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінде клиенттің активтері инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтерінен оларды инвестициялық портфельді басқарушының баланстан тыс шоттарына есепке алу арқылы оқшауланады және олар инвестициялық портфельді басқарушының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алынбайды.

      Баланстан тыс шот Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының әрбір клиентіне инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінде ашылады.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесін жүргізу, клиентке ішкі есепке алу жүйесінде шот ашу және ішкі есепке алу жүйесін актуалды жағдайда ұстап тұру тәртібі инвестициялық портфельді басқарушының iшкi құжаттарында белгiленедi.

      40-1. Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтеріне инвестициялайтын зейнетақы активтерін есепке алу және қаржы құралдарын бағалау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 58 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 40-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 06.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      41. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық басқаруға берілген активтерін есепке алу мен сақтауды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушының клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау инвестициялық портфельді басқарушы өзімен үлестес емес, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктерде ашқан банк шоттарында немесе Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда белгіленген жағдайларда шетелдік қадағалау органы берген осыған ұқсас лицензиясы бар шетелдік есеп айырысу ұйымдарында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 06.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41-1. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бойынша инвестициялық портфельді басқарушыға берілген зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді есепке алуды және сақтауды кастодиан, инвестициялық портфельді басқарушы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған кастодиандық шарт (бұдан әрі - үшжақты кастодиандық шарт) негізінде жүзеге асырады.

      Инвестициялық портфельді басқарушы өзінің ішкі есепке алу жүйесінің деректерін олардың зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сәйкестігін үшжақты кастодиандық шартта белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және кезеңділікпен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      Инвестициялық портфельді басқарушы салыстырып тексеру жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде олардың негізінде салыстырып тексеру жүргізілген құжаттарды сақтауға тиіс.

      Ескерту. Қағида 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтері есебінен, сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтері мен арнайы қаржы компаниясының активтерін қоспағанда, клиенттердің шетелдік қаржы құралдарын есепке алуды және сақтауды шетелдік есеп айырысу ұйымы жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Инвестициялық портфельді басқарушы айына кемінде бір рет өзiнiң ішкі есепке алу жүйесiнiң деректерін олардың клиенттердің активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодиандардың деректеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру нәтижелері мынадай мәліметтер қамтылатын салыстырып тексеру актісімен ресімделеді:

      салыстырып тексеру актісінің жасалу күні;

      салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезең;

      салыстырып тексеру актісінің жасалу күніндегі шоттардағы (қосалқы шоттардағы) активтердің қалдығы туралы ақпарат;

      салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезеңдегі активтердің, шоттардағы (қосалқы шоттардағы) активтердің қозғалысы туралы ақпарат.

      Салыстырып тексеру актісі екі данада жасалады, оған салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың өкілдері қол қояды.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінің деректерін шетелдік есеп айырысу ұйымының деректерімен салыстырып тексеру SWIFT (СВИФТ) - хабарламалар алмасу арқылы ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі арқылы не шетелдік есеп айырысу ұйымымен жасалған шартта көзделген басқа да байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылады және клиенттерге тиесілі және шетелдік есеп айырысу ұйымының шоттарындағы қаржы құралдарының қалдықтарын инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінің деректерімен салыстырып тексеруді жүргізу күніне салыстырып тексеру болып табылады.

      Олардың негізінде салыстырып тексеру жүргізілген құжаттар, оның ішінде SWIFT (СВИФТ) - хабарламалар салыстырып тексеру жүргізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталуға тиіс.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45. Егер Қағидалардың 43 және 44-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша айырмашылықтар болған жағдайда, салыстырып тексеруді жүзеге асырған тараптар оларды жою бойынша шараларды қабылдайды.

      46. Инвестициялық портфельді басқарушы мыналар:

      1) жасалған шарттар және оларға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар;

      2) жасалған ұсынымдар;

      3) инвестициялық шешімдер, олардың орындалуы (орындалмауы);

      4) клиенттердің активтерімен және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтерімен жасалған мәмілелер, олардың орындалуы (орындалмауы);

      5) инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында брокерге берілген құжаттар не инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда сауда бөлімшесіне жіберілген өкімдер;

      6) клиенттердің қаржы құралдары және олардың саны өзгеруі;

      7) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердiң түсуі және бөлiнуi;

      8) клиенттерге берілген есептер;

      9) ішкі есеп жүйесін олардың кастодиандардың және (немесе) номиналды ұстаушылардың және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарының деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексерулер;

      10) клиенттердің инвестициялық портфельді басқарушыға шағымдары бар өтiнiштерi және оларды жою жөнiндегi іс-шаралар;

      11) инвестициялық портфельді басқарушының инсайдерлері жасаған мәмілелері туралы (жөнiндегi) мәліметтер қамтылған журналдарды жүргізу арқылы өзінің қызметіне қатысты барлық құжаттардың дәйекті және нақты есебін жүргiзедi.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      47. Ұсынымдар олардың негiзiнде берілген құжаттармен (материалдармен) бірге, инвестициялық шешімдер және инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметке қатысты құжаттар хронологиялық тәртіпте жеке тiркеу файлдарында сақталуға жатады.

      47-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді есепке алу ерекшеліктері Сақтанушының инвестицияларға қатысу қағидаларында белгіленген.

      Ескерту. 47-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Арнайы қаржы компаниясының жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға өткізілетін активтерін салыстырып тексеру рәсiмiн жүргізу тәртiбi

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Арнайы қаржы компаниясының жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға өткізілетін активтерін салыстырып тексеруді кастодианның, инвестициялық портфельді басқарушының және арнайы қаржы компаниясының уәкiлеттi өкiлдерi жүзеге асырады.

      49. Жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға өткізілетін активтерді салыстырып тексеру үшiн:

      1) өткізілетін активтердің тiзбесi;

      2) өткізілетін құжаттардың тiзбесi;

      3) салыстырып тексеру актiсi жасалады.

      Өткізілетін активтерге салыстырып тексеру кезінде басқаруда болған активтер кiредi.

      50. Жаңа басқарушы агентке өткізілетін активтерді салыстырып тексеру кезінде инвестициялық басқарудың барлық кезеңіндегі:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға берген тапсырмаларының көшiрмелерi;

      2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуға инвестициялық портфельді басқарушының тапсырмаларын орындағаны туралы есептерiнiң көшiрмелерi;

      3) инвестициялық портфельді басқарушы арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қаржы құралдарымен өз бетімен мәмілелер жасасқан кезде - мұндай мәмiлелердiң жасалуын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;

      4) кастодиан инвестициялық шоттан берген үзiндi жазбалардың көшiрмелерi;

      5) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" АҚ кастодианның жеке шоты шегінде ашылған арнайы қаржы компаниясының қосалқы шотынан берген үзiндi жазбалардың көшiрмелерi;

      6) арнайы қаржы компаниясының өткізілетін активтерін салыстырып тексеру күнінде арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екiншi деңгейдегі банктермен жасалған қолданыстағы банктік салым шарттарының түпнұсқалары;

      7) арнайы қаржы компаниясының өткізілетін активтерін салыстырып тексеру күнінде мерзiмi өтіп кеткен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екiншi деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым шарттарының көшiрмелерi;

      8) инвестициялық портфельді басқарушы арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қалыптастырған инвестициялық портфельді басқаруға қатысты өзге де құжаттар өткізіледі.

      51. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актiсi жасалады, оның ішінде мыналар:

      1) бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерiн көрсете отырып, олардың саны (данамен);

      2) депонент-банктердiң атауы, салым сомалары, банктік салым шартының жасалу күні мен оның нөмiрi, салым мерзiмi, сыйақы мөлшерлемелері көрсетіле отырып екiншi деңгейдегі банктердегі салымдар;

      3) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетел валютасымен ақша қозғалысы;

      4) қаржы құралдарының сатып алу құны;

      5) инвестициялардың ағымдағы құны;

      6) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кiрiстiң сомасы;

      7) комиссиялық сыйақы сомасы;

      8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдығы;

      9) инвестициялық қызметке қатысты өткізілетін құжаттардың түпнұсқалары;

      10) инвестициялық қызметке қатысты өзге де мәліметтер туралы (жөніндегі) ақпарат қамтылады.

      52. Салыстырып тексеру актісі:

      1) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартты бұзу күні арнайы қаржы компаниясына, инвестициялық портфельдің жаңа басқарушысына, инвестициялық портфельді басқарушыға, кастодианға, уәкілетті органға бір данадан бес данада жасалады;

      2) арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық портфельді басқарушының және инвестициялық портфельдің жаңа басқарушысының бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды;

      3) кастодианның бірінші басшысының немесе арнайы қаржы компаниясының активтеріне кастодиандық қызметті көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшеге жетекшілік ететін оның басшы қызметкерінің қолымен бекітілген, кастодианның салыстырып тексеру актісі деректерінің дәйектілігі туралы белгісі болады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Осы Қағидалардың 51 және 52-тармақтарының талаптарына сәйкес ресімделген салыстырып тексеру актiсiнiң данасы оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға ұсынылады.

      53-1. Қағидалардың осы тарауы сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 53-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайдағы іс-әрекетінің тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Инвестициялық портфельді басқарушы лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайда уәкiлеттi органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде бұл туралы:

      1) жеке хабарлама жіберу және клиенттер үшін қолжетімді орындарда (бас офистің және филиалдардың үй-жайларында, сондай-ақ осы инвестициялық портфельді басқарушының Интернет желісіндегі интернет-ресурсында (корпоративтік интернет-ресурсы болса) тиісті хабарландыруларды орналастыру арқылы өзінің клиенттеріне;

      2) осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.

      Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      55. Инвестициялық портфельді басқарушы лицензиядан айырылған жағдайда уәкiлеттi органның хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде клиенттің бұйрығы негізінде активтерді клиентке қайтарады немесе жасалған шарт болған кезде активтерді жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға өткізеді.

      55-1. Қағидалардың осы тарауы сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 55-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күні осы ақпаратты жеке хабарлама жіберу және осы инвестициялық портфельді басқарушының корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландырулар орналастыру арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианға жібереді.

      Ескерту. Қағида 56-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Лицензия тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиандық шотына қайтарады, онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының, кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің толық атауы;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының, кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды мекенжайын және нақты орналасқан жерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының, кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының банктік деректемелері;

      4) инвестициялық портфельді басқарушының, кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      5) зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру күнінің алдындағы күннің соңындағы есептелген инвестициялық кірісті қоса алғанда, зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      6) инвестициялық шоттардағы ұлттық және шетел валютасындағы ақша қалдығы;

      7) халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN коды), санын (данада), айналыс мерзімін, сатып алу бағасын, бір бағалы қағаз бойынша есептелген кірісті, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, бағалы қағаздардың жалпы санын, есептелген кірістің жалпы сомасын, бағалы қағаздарға инвестициялардың ағымдағы құнын, зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарға жататын өзге де ықтимал мәліметтерді көрсете отырып, берілетін бағалы қағаздардың тізбесі;

      8) банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасасу күнін, шарттың қолданыс мерзімін, салым бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомаларын, салымның ағымдағы құнын, зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған салымдарға жататын өзге де ықтимал мәліметтерді көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі берілетін салымдар тізбесі;

      9) қаржы құралының атауы мен түрін, сомасын, санын және осы қаржы құралдарына тән қосымша сипаттамаларды көрсете отырып, басқа қаржы құралдарының тізбесі;

      10) міндеттемелер сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;

      11) зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру күнінің алдындағы күннің соңындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есептеуі;

      12) инвестициялық портфельді басқарушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін зейнетақы активтеріне жататын өзге де ықтимал мәліметтер.

      Қабылдау-өткізу актісі зейнетақы активтерін беру күніне инвестициялық портфельді басқарушы, кастодиан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 4 (төрт) данада жасалады, оған инвестициялық портфельді басқарушының, кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының басшысы және бас бухгалтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

      Ескерту. Қағида 57-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 10 қаулысына
қосымша

Күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6290 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) қосымшаның 8-тармағы.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 1 маусымда № 139 (28078) жарияланған) тізбенің 3-тармағы.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) тізбенің 27-тармағы.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8799 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 14 қарашада № 171 (2372) жарияланған) тізбенің 4-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады