Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 113-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 113-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 17.03.2016 № 17-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттiк органдар

Орындау мерзімі

Жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келiсiм бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсан

С.Қ. Ахметжанов

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келiсiм бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.Ж. Шпекбаев

3

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді ұсынуы қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

4

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІСҚА (келiсiм бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.Ж. Шпекбаев

5

"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), МҚІСҚА (келiсiм бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсан

Р.Е. Дәленов

6

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы

бұйрық

МҚІМ

2016 жылғы 10 қазан

А.А. Шайымова

7

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келiсiм бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсан

С.Қ. Ахметжанов

8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келiсiм бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсан

С.Қ. Ахметжанов

9

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн күштеп әкелуді жүргiзу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келiсiм бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.Ж. Шпекбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МҚІСҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

О мерах по реализации законов Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 113-р.

      1. Утвердить прилагаемый перечень нормативных правовых и правовых актов, принятие которых необходимо в целях реализации законов Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции" (далее – перечень).

      1) разработать и в установленном порядке внести в Правительство Республики Казахстан проекты нормативных правовых актов согласно перечню;

      2) принять соответствующие ведомственные нормативные правовые и правовые акты и проинформировать Правительство Республики Казахстан о принятых мерах.

      Премьер-Министр К. Масимов

  Утвержден
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 24 ноября 2015 года № 113-р

Перечень
нормативных правовых и правовых актов, принятие которых необходимо в целях реализации законов Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции"

      Сноска. Перечень с изменением, внесенным распоряжением Премьер-Министра РК от 17.03.2016 № 17-р.


п/п
Наименование нормативного правового и правового акта Форма акта Ответственные государственные органы Срок исполнения Ответственное лицо
1 2 3 4 5 6

1

Об утверждении Правил проведения внешнего анализа коррупционных рисков

Указ Президента Республики Казахстан

АДГСПК (по согласованию)

10 декабря 2015 года

Ахметжанов С.К.

2

Об утверждении Правил подготовки, внесения Национального доклада о противодействии коррупции Президенту Республики Казахстан и его опубликования

Указ Президента Республики Казахстан

АДГСПК (по согласованию)

10 декабря 2015 года

Шпекбаев А.Ж.

3

Об утверждении Правил и сроков представления физическими и юридическими лицами, участвующими в выполнении функций по управлению государственным имуществом, отчетов обо всех сделках имущественного характера и финансовой деятельности, связанных с государственной собственностью

постановление Правительства Республики Казахстан

МФ

10 декабря 2015 года

Тенгебаев А.М.

4

Об утверждении Правил поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в противодействии коррупции

постановление Правительства Республики Казахстан

АДГСПК (по согласованию)

10 декабря 2015 года

Шпекбаев А.Ж.

5

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям"

постановление Правительства Республики Казахстан

МФ (созыв), АДГСПК (по согласованию)

10 декабря 2015 года

Даленов Р.Е.

6

Об утверждении перечня сведений, за исключением сведений, составляющих государственные секреты в соответствии с законодательством Республики Казахстан, подлежащих опубликованию

приказ

МДГС

10 октября 2016 года

Шаимова А.А.

7

Об утверждении типовых Правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков

приказ

АДГСПК (по согласованию)

10 декабря 2015 года

Ахметжанов С.К.

8

Об утверждении Правил проведения антикоррупционного мониторинга

приказ

АДГСПК (по согласованию)

10 декабря 2015 года

Ахметжанов С.К.

9

Об утверждении Правил осуществления антикоррупционной службой привода физического лица либо представителя юридического лица, в отношении которого ведется производство по административному делу

приказ

АДГСПК (по согласованию)

10 декабря 2015 года

Шпекбаев А.Ж.

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      АДГСПК - Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции

      МФ - Министерство финансов Республики Казахстан.