1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 113-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 17.03.2016 № 17-ө өкімімен.
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Жауапты мемлекеттiк органдар | Орындау мерзімі | Жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | МҚІСҚА (келiсiм бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | С.Қ. Ахметжанов |
2 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | МҚІСҚА (келiсiм бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | А.Ж. Шпекбаев |
3 | Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді ұсынуы қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2015 жылғы 10 желтоқсан | А.М. Теңгебаев |
4 | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МҚІСҚА (келiсiм бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | А.Ж. Шпекбаев |
5 | "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині (жинақтау), МҚІСҚА (келiсiм бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы | бұйрық | МҚІМ | 2016 жылғы 10 қазан | А.А. Шайымова |
7 | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МҚІСҚА (келiсiм бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | С.Қ. Ахметжанов |
8 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МҚІСҚА (келiсiм бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | С.Қ. Ахметжанов |
9 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн күштеп әкелуді жүргiзу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МҚІСҚА (келiсiм бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | А.Ж. Шпекбаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МҚІСҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі