1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) екі ай мерзімде тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 118-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Ішкі істер органдарының жергілікті полиция кызметі туралы ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін | Е.З. Тұрғымбаев |
2 | "Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы кызметі, экономикалық тергеу қызметі және мемлекеттік фельдъегерлік кызметі лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643 қпү қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін | Е.З. Тұрғымбаев |
3 | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін | Е.З. Тұрғымбаев |
4 | Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін | Е.З. Тұрғымбаев |
5 | Аумақтық ішкі істер органдарының жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін | Е.З. Тұрғымбаев |
6 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін | Е.З. Тұрғымбаев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі