"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 118-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) екі ай мерзімде тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 118-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

Ішкі істер органдарының жергілікті полиция кызметі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін

Е.З. Тұрғымбаев

2

"Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы кызметі, экономикалық тергеу қызметі және мемлекеттік фельдъегерлік кызметі лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643 қпү қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін

Е.З. Тұрғымбаев

3

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін

Е.З. Тұрғымбаев

4

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін

Е.З. Тұрғымбаев

5

Аумақтық ішкі істер органдарының жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін

Е.З. Тұрғымбаев

6

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2015 жылғы 10 желтоқсанға дейін

Е.З. Тұрғымбаев

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады