"Үлкен ел – үлкен отбасы" жобасы шеңберінде Мемлекет басшысының "100 нақты қадам" – Ұлт жоспарында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған 2015 – 2016 жылдарға арналған"Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар:
1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 135-ө өкімімен бекітілген |
2015 - 2016 жылдарға арналған "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасының басталуы туралы хабарландыру | баспасөз конференциясы | БҒМ, ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша), "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ (келісім бойынша), "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2015 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | |
2. | "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасының үйлестіру кеңесін құру және оның ережесін бекіту | бұйрық | БҒМ | 2015 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | |
3. | "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту | медиа-жоспар | БҒМ, ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | |
4. | Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметі туралы ғылыми-әдістемелік журнал шығару | журнал | БҒМ, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша) | 2015 жылғы желтоқсан | 1450 (040 "Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
5. | Республика кітапханаларында қазақ және шетел әдебиетін оқуға деген қызығушылыққа баулу мақсатында "Bookdating" қозғалысына балалар мен жастарды тарту | талқылау және кітаптар туралы ұсынымдар алмасу үшін кітапханаларда кездесулер | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2016-2015 жылдар ішінде | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
6. | Әлеуметтік желілерде "Ұрпақ+" виртуалды қауымдастығын қалыптастыру | "Ұрпақ+" виртуалды қауымдастығы | БҒМ, ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша), "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ (келісім бойынша), "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2015 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | |
7. | Мектеп және колледж оқушылары үшін гид ретінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік туғыза отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы мен облыстық мұражайлардың базасында тарихты зерттеу жөніндегі "Мирас" үйірмесін құру | "Мирас" тарихты зерделеу жөніндегі үйірмелері | МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
8. | Өлкетану және этнографиялық мұражайлар жанынан "Жас шебер" сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелерін құру | "Жас шебер" сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелері | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
9. | Жалпы білім беру пәндері бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының республикалық конкурсын өткізу | конкурс | БҒМ | 2016 жылғы ақпан | 26605 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
10. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушылары арасында "Ұлы Дала Елі" шығармашылық жұмыстардың (эссе, өлең, зерттеу жобалары, туған өлке туралы бейнефильмдер, суреттер) республикалық қашықтық конкурсын өткізу | конкурс | БҒМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы наурыз-желтоқсан | талап етілмейді | |
11. | Мектеп және колледж оқушылары арасында "Отаныма жиырма бес ізгі іс!" республикалық қашықтық конкурсын өткізу | конкурс | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2016 жылғы наурыз-желтоқсан | талап етілмейді | |
12. | "Ұлы Дала Елі" туристік экспедициялық жасақтардың өңірлік іріктеу жарыстарын өткізу | өңірлік іріктеу жарыстары | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2016 жылғы наурыз-сәуір | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
13. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ұлы Дала Елі" туристік экспедициялық жасақтардың жыл сайынғы республикалық слетін ұйымдастыру және өткізу | республикалық слет | БҒМ, ИДМ | 2016 жылғы мамыр | 4944 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
14. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 1 арналған мектеп және колледж оқушыларының геральдика және мемлекеттілік белгілерінің тарихын білуін анықтайтын "Көк байрағым" республикалық қашықтық конкурсын өткізу | конкурс | БҒМ, МСМ | 2016 жылғы мамыр-маусым | талап етілмейді | |
15. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Нұрлы болашақ" республикалық акциясы шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу | республикалық акция | БҒМ, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы маусым | талап етілмейді | |
16. | Қазақ диаспорасының балалары үшін "Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім" қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XII Халықаралық олимпиада өткізу | халықаралық олимпиада | БҒМ | 2016 жылғы маусым | 5563 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
17. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Менің елім" балалар мен жастардың өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының өңірлік көрмелерін өткізу | өңірлік көрмелер | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2016 жылғы маусым-желтоқсан | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
18. | ЭКСПО-2017 шеңберінде жас өлкетанушылар, экологтар, натуралистердің республикалық форумын өткізу | республикалық форум | БҒМ, ИДМ, МСМ | 2016 жылғы маусым | 4501 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
19. | Балалар мен жастар арасында техникалық шығармашылық пен өнертабыстың республикалық жарыстарын өткізу | республикалық жарыстар | БҒМ, ИДМ | 2016 жылғы маусым | 5770 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
20. | Астана-Сити квест (сайт www.ehistory.kz) үлгісінің негізінде туған өлкенің отандық тарихын зерделеуге арналған квест-ойындарын өткізу | квест-ойындары | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2016 жылғы шілде | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
21. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Менің еліме - 25 шың" туристік-өлкетану бағытындағы құзға өрмелеу, тау, су және жаяу туризмінің техникасы бойынша облыстық жарыстар өткізу | "Менің еліме - 25 шың" облыстық жарыстар | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИДМ | 2016 жылғы тамыз | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
22. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында XVII республикалық Абай әдеби оқуларын өткізу | республикалық Абай әдеби оқулары | БҒМ | 2016 жылғы қыркүйек | 2367 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
23. | Оқушыларды оқуға және белсенді қоғамдық қызметке ынталандыру мақсатында табысты қазақстандықтардың мектеп және колледж оқушыларымен кездесуін ұйымдастыруға бағытталған "Зияткер ұрпақ" жобасын танымал ету | мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қазан | жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде | ЖБ |
24. | Мектеп оқушылары арасында "Жайдарлы Жас Ұлан" КТК ойындарының республикалық конкурсын өткізу | республикалық конкурс | БҒМ | 2016 жылғы қазан | 21163 (040 "Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
25. | Балалар және жасөспірімдер қозғалысының көшбасшылары үшін "Ұланымыз ұлы елдің" республикалық форумын өткізу | "Ұланымыз ұлы елдің" республикалық форумы | БҒМ, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қараша | 9675 (040 "Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде) | РБ |
26. | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын қорытындылау | баспасөз конференциясы | БҒМ, ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша), "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ (келісім бойынша), "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
"Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ - "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі
"Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ - "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты
"Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ - "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі
"Қоғамдық келісім" РММ - "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі
"Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ - "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі