2015 - 2016 жылдарға арналған "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 135-ө өкімі

      "Үлкен ел – үлкен отбасы" жобасы шеңберінде Мемлекет басшысының "100 нақты қадам" – Ұлт жоспарында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған 2015 – 2016 жылдарға арналған"Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар:

      1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 135-ө өкімімен
бекітілген

2015 - 2016 жылдарға арналған "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасының басталуы туралы хабарландыру

баспасөз конференциясы

БҒМ, ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша), "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ (келісім бойынша), "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


2.

"Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасының үйлестіру кеңесін құру және оның ережесін бекіту

бұйрық

БҒМ

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


3.

"Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту

медиа-жоспар

БҒМ, ИДМ

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


4.

Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметі туралы ғылыми-әдістемелік журнал шығару

журнал

БҒМ, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

1450 (040 "Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

5.

Республика кітапханаларында қазақ және шетел әдебиетін оқуға деген қызығушылыққа баулу мақсатында "Bookdating" қозғалысына балалар мен жастарды тарту

талқылау және кітаптар туралы ұсынымдар алмасу үшін кітапханаларда кездесулер

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2016-2015 жылдар ішінде

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

6.

Әлеуметтік желілерде "Ұрпақ+" виртуалды қауымдастығын қалыптастыру

"Ұрпақ+" виртуалды қауымдастығы

БҒМ, ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша), "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ (келісім бойынша), "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


7.

Мектеп және колледж оқушылары үшін гид ретінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік туғыза отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы мен облыстық мұражайлардың базасында тарихты зерттеу жөніндегі "Мирас" үйірмесін құру

"Мирас" тарихты зерделеу жөніндегі үйірмелері

МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қаңтар

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

8.

Өлкетану және этнографиялық мұражайлар жанынан "Жас шебер" сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелерін құру

"Жас шебер" сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелері

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қаңтар

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

9.

Жалпы білім беру пәндері бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының республикалық конкурсын өткізу

конкурс

БҒМ

2016 жылғы ақпан

26605 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

10.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушылары арасында "Ұлы Дала Елі" шығармашылық жұмыстардың (эссе, өлең, зерттеу жобалары, туған өлке туралы бейнефильмдер, суреттер) республикалық қашықтық конкурсын өткізу

конкурс

БҒМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2016 жылғы наурыз-желтоқсан

талап етілмейді


11.

Мектеп және колледж оқушылары арасында "Отаныма жиырма бес ізгі іс!" республикалық қашықтық конкурсын өткізу

конкурс

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы наурыз-желтоқсан

талап етілмейді


12.

"Ұлы Дала Елі" туристік экспедициялық жасақтардың өңірлік іріктеу жарыстарын өткізу

өңірлік іріктеу жарыстары

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы наурыз-сәуір

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

13.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ұлы Дала Елі" туристік экспедициялық жасақтардың жыл сайынғы республикалық слетін ұйымдастыру және өткізу

республикалық слет

БҒМ, ИДМ

2016 жылғы мамыр

4944 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

14.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 1 арналған мектеп және колледж оқушыларының геральдика және мемлекеттілік белгілерінің тарихын білуін анықтайтын "Көк байрағым" республикалық қашықтық конкурсын өткізу

конкурс

БҒМ, МСМ

2016 жылғы мамыр-маусым

талап етілмейді


15.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Нұрлы болашақ" республикалық акциясы шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

республикалық акция

БҒМ, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша)

2016 жылғы маусым

талап етілмейді


16.

Қазақ диаспорасының балалары үшін "Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім" қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XII Халықаралық олимпиада өткізу

халықаралық олимпиада

БҒМ

2016 жылғы маусым

5563 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

17.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Менің елім" балалар мен жастардың өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының өңірлік көрмелерін өткізу

өңірлік көрмелер

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы маусым-желтоқсан

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

18.

ЭКСПО-2017 шеңберінде жас өлкетанушылар, экологтар, натуралистердің республикалық форумын өткізу

республикалық форум

БҒМ, ИДМ, МСМ

2016 жылғы маусым

4501 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

19.

Балалар мен жастар арасында техникалық шығармашылық пен өнертабыстың республикалық жарыстарын өткізу

республикалық жарыстар

БҒМ, ИДМ

2016 жылғы маусым

5770 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

20.

Астана-Сити квест (сайт www.ehistory.kz) үлгісінің негізінде туған өлкенің отандық тарихын зерделеуге арналған квест-ойындарын өткізу

квест-ойындары

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы шілде

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

21.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Менің еліме - 25 шың" туристік-өлкетану бағытындағы құзға өрмелеу, тау, су және жаяу туризмінің техникасы бойынша облыстық жарыстар өткізу

"Менің еліме - 25 шың" облыстық жарыстар

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИДМ

2016 жылғы тамыз

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

22.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында XVII республикалық Абай әдеби оқуларын өткізу

республикалық Абай әдеби оқулары

БҒМ

2016 жылғы қыркүйек

2367 (099 "Сапалы орта білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

23.

Оқушыларды оқуға және белсенді қоғамдық қызметке ынталандыру мақсатында табысты қазақстандықтардың мектеп және колледж оқушыларымен кездесуін ұйымдастыруға бағытталған "Зияткер ұрпақ" жобасын танымал ету

мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қазан

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

ЖБ

24.

Мектеп оқушылары арасында "Жайдарлы Жас Ұлан" КТК ойындарының республикалық конкурсын өткізу

республикалық конкурс

БҒМ

2016 жылғы қазан

21163 (040 "Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

25.

Балалар және жасөспірімдер қозғалысының көшбасшылары үшін "Ұланымыз ұлы елдің" республикалық форумын өткізу

"Ұланымыз ұлы елдің" республикалық форумы

БҒМ, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қараша

9675 (040 "Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде)

РБ

26.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ұрпақ+" мәдени-білім беру жобасын қорытындылау

баспасөз конференциясы

БҒМ, ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ (келісім бойынша), "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ (келісім бойынша), "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ (келісім бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ - "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі

      "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" ЖҚ - "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты

      "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" ҚБ - "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі

      "Қоғамдық келісім" РММ - "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі

      "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" ЗТБ - "Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады