1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі − тізбе) бекітілсін.
2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 150-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Жауапты тұлға | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ПӘ (келісім бойынша) | 2015 жылғы желтоқсан | І.С. Испанов | |
2 | Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот аппараты) туралы ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы" 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ЖС (келісім бойынша) | 2015 жылғы желтоқсан | І.С. Испанов | |
3 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ЖС (келісім бойынша) | 2015 жылғы желтоқсан | І.С. Испанов | |
4 | Полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЖСК (келісім бойынша) | 2016 жылғы ақпан | А.С. Смолин |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ЖСК - Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты