"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 150-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі − тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 150-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ПӘ (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

І.С. Испанов

2

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот аппараты) туралы ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы" 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЖС (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

І.С. Испанов

3

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЖС (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

І.С. Испанов


4

Полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЖСК (келісім бойынша)

2016 жылғы ақпан

А.С. Смолин


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      ЖСК - Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

      ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады