1. Қоса беріліп отырған "Құқықтық актілер туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 24-ө өкімімен бекітілген |
"Құқықтық актілер туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
2. | Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
3. | Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
4. | Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын жүргізудің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
5. | Құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
6. | Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялауына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2016 жылғы маусым | С.С. Сәрсенов |
7. | Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссиялардың және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
8. | Мерзімді баспа басылымдарының нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялануын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
9. | Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуын жүргізу және жүйелендіру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
10. | Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
11. | Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
12. | 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін электрондық-цифрлық нысанда қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін интернет-ресурсты айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
13. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині, ОМО | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
14. | Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | З.Х. Баймолдина |
15. | Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ Әділетмині | 2016 жылғы маусым | С.С. Сәрсенов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ИДМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
ОМО - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары.