Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Заң жобасы қызметінің сапасын арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.06.2016 № 275 Жарлығрымен.

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидалары бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы № 3044 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 17 мамырдағы
№ 873 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу
тәртібі

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентіне келісуге ұсынылады.

      2. Үкіметтің заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы (бұдан әрі - Жоспар жобасы) Мемлекет басшысына Премьер-Министрдің қолы қойылып 15 қарашасына дейін беріледі және жоспарланған жылдың алдындағы 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі. Бұл ретте Жоспар жобасы заң жобаларының тізбесінен өзге, заң жобаларының негіздемесі мен Парламент Мәжілісіне енгізу мерзімі көрсетілген тиісті түсіндірме жазбаны қамтуға тиіс.

      Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының қабылданып қойған жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының не оның орнындағы адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалары жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба міндетті түрде қоса беріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.09.06 № 1434, 2010.11.03 № 1092; 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      3. Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының ұсынылған жобасы немесе жоспарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы жоба Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөліміне (бұдан әрі – Бөлім), Президент Әкімшілігінің өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне пысықтау үшін беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Жоспар жобасы пысықталғаннан және Президент Әкімшілігінің Басшысымен келісілген тиісті қорытынды дайындалғаннан кейін Мемлекет басшысына ұсынылады.

      Жоспар жобасына сараптама жасау және ол бойынша Президент Әкімшілігіне қорытынды дайындау мерзімі ол Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Жоспар жобасын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу Мемлекет басшысының тиісті қарар шығаруы арқылы жүзеге асырылады. Келісілген Жоспар жобасы Президент Әкімшілігінің Басшысы не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі қол қойған қорытынды түрінде ұсыныстармен және ескертулермен (бұлар болған жағдайда) бірге оны Мемлекет басшысының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, одан әрі бекіту үшін Үкіметке қайтарылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.11.03 № 1092; 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      4-1. Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасына сараптамадан және тиісті қорытынды дайындалғаннан кейін Әкімшілік Басшысына ұсынылады.

      Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасын сараптамадан өткізу мерзімі ол Әкімшілікке келіп түскен күннен 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Әкімшілік Басшысымен Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасын келісу Әкімшілік Басшысының тиісті бұрыштама қоюы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. Ережелер 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.11.03 № 1092 Жарлығымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі

      6. Әзірленген және тиісті түрде ресімделген заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарында заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну үшін белгіленген мерзім басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, келісуге ұсынылады. Заң жобаларын Президент Әкімшілігіне келісуге ұсыну мерзімі жөніндегі талап Бюджет кодексін іске асыру үшін жыл сайын әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды. Бұл ретте құжаттар топтамасында заң жобасымен бipгe заң жобасын жан-жақты қарауға қажетті барлық материалдар (құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржылық негіздеме, сараптама қорытындылары және т.б.) болуға тиіс.

      Президент Әкімшілігіне алдын ала келісуге ұсынылатын заң жобалары мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер жойылғаннан кейін ғана енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.09.06 № 1434, 2008.04.24 № 576, 2010.11.03 № 1092; 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      7. Заң жобасы Президент Әкімшілігіне ұсынылғаннан кейін оны Бөлім және Президент Әкімшілігінің өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелері, Мемлекет басшысының тиісті көмекшілері мен кеңесшілері пысықтайды.

      Президент Әкімшілігінде заң жобасына сараптама жүргізу және ол бойынша қорытынды дайындау мерзімі ол Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл ретте конституциялық заңдардың жобалары, кодекстердің жобалары және кодекстерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары бойынша мұндай мерзім 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Президент Әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленген заң жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша сараптама жүргізу және олар бойынша қорытынды дайындау мерзімі, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, олар Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      8. Заң жобасына сараптама жасалып, Бөлімнің (бөлімдердің), Президент көмекшілері мен кеңесшілерінің тиісті қорытындылары дайындалғаннан кейін материалдар айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, одан әрі пысықтау үшін Әкімшілік басшылығының қолы қойылып, Үкімет Аппаратына жіберіледі. Аталған қорытындылар олардың көшірмелерін жіберу арқылы Президенттің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігінің назарына жеткізіледі.

      Осы Ережелердің 10-тармағында көзделген заң жобалары бойынша қорытындылар Президент Әкімшілігінің Басшысымен міндетті түрде келісілуге тиіс.

      Заң жобасына Бөлімнің (бөлімдердің), Президент көмекшісінің немесе кеңесшісінің теріс қорытындысы болған жағдайда материалдар осы қорытындымен бірге, ол бойынша әрі қарай түпкілікті шешім қабылдау үшін Республика Президенті Әкімшілігінің Басшысына жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.04.24 № 576, 2010.11.03 № 1092; 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      9. Заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігі көрсеткен ескертулерді жойғаннан, не заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен пайда болған келіспеушіліктерді жойғаннан кейін Үкімет заң жобаларын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2006.03.13. № 64 жарлығымен .

      10. Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:

      1) Парламентте қаралуы Мемлекет басшысының атынан басым деп айқындау жоспарланған заң жобалары;

      2) Мемлекет басшысының тиісті тапсырмалары іске асырылатын заң жобалары;

      3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдарды, кодекстерді өзгерту мен толықтыруға бағытталған заң жобалары;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;

      5) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық

      қатынастарды реттейтін заң жобалары;

      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары;

      7) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленген заң жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.09.21. № 413; 05.05.2017 № 471; 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады