1. Қоса беріліп отырған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабарлар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 26-ө өкімімен бекітілген |
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині | 2016 жылғы шілде | ЖМ. Қасымбек |
2. | "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ, Қаржымині | 2016 жылғы маусым | А.Ә. Әріпханов |
3. | "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | Р.Б. Бекетаев |
4. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
5. | "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | Р.Е. Дәленов |
6. | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
7. | Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
8. | Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы, сондай-ақ олар бойынша құқық талаптарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, ЖАО | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
9. | Құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
10. | Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) кепілге қою шартының үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
11. | Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) сенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
12. | Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
13. | Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
14. | Кепілдік беру жағдайларын реттеу үшін резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
15. | Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, ЖАО | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
16. | Инжинирингтік компанияның кепілдік беру қорына, екінші деңгейдегі банкке немесе жергілікті атқарушы органға (үлестік құрылысты ұйымдастыру тәсіліне қарай) үй (тұрғын ғимарат) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, ЖАО | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
17 | Тұрғын үй құрылысының Кепілдік беру қорынан кепілдік алу тәсілі арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде (тұрғын ғимараттың) құрылыс жобасы бойынша құжаттарды тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
18. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
19. | "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | Р.Е. Дәленов |
20. | "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | Қ.А. Өскенбаев |
21. | "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | Қ.А. Өскенбаев |
22. | "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | ҚА. Өскенбаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО - жергілікті атқарушы органдар
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі