1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 53-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
---|---|---|---|---|---|
2. | "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
3. | "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2017 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
4. | "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларына жүзеге асыру қағидаларына бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
5. | "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларына бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
6. | "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Б.А. Асылова |
7. | Химиялық кастрациялауды қолдану қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСӘДМ, БП (келісім бойынша), ІІМ | 2017 жылғы маусым | А.В. Цой |
8. | Асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі мен мерзімінің қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
9. | Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
10. | Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | СІМ | 2016 жылғы маусым | М.Б. Тілеуберді |
11. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
12. | "Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
13. | Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану тәртібін бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
14. | Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
15. | Бала қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру және оның мөлшері қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
16. | Бала қонақтайтын отбасылар туралы ережені бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
17. | "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | СІМ | 2016 жылғы маусым | М.Б. Тілеуберді |
18. | Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | СІМ | 2016 жылғы маусым | М.Б. Тілеуберді |
19. | Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
20. | Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған шығыстарды қаржыландыру нормативтерін және оларды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016. жылғы маусым | Б.А. Асылова |
21. | Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
22. | "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 557 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы маусым | Э.А. Суханбердиева |
23. | "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
24. | "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
25. | "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
26. | "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Э.А. Суханбердиева |
27. | "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Әділетмині | 2016 жылғы маусым | Ж.Б. Ешмағамбетов |
28. | "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2016 жылғы қараша | Б.А. Асылова |
29. | "Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | ІІМ | 2016 жылғы маусым | Т.З. Тұрғымбаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі