Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 21 ақпанда № 6783 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/585 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 09.12.2016 № 11-1-2/585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсанындағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеуі жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.

Мемлекеттік хатшы - Министр

Қ. Саудабаев


  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы -
Сыртқы істер министрінің
2011 жылғы 19 қаңтардағы
№ 08-1-1-1/13 бұйрығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің ресiмдеуi жөнiндегi
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия туралы ережеге (бұдан әрi - Ереже) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің қызметiнде пайдалануға арналған.

      2. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруі және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы адамдардың өтiнiшiнiң (арызының) негiзiнде шешіледi.

      3. Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды;

      Шетелдердегі мекемелер ресімделген материалдарды өзінің қорытындыларымен бірге Сыртқы істер министрлігіне жолдайды, Сыртқы істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіскеннен және өз қорытындысын жасағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс органына ұсынады;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығын тіркейді;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді;

      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.11.2014 № 08-1-1-1/563 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       4. Азаматтықты өзгерту мәселелеріне байланысты өтініштер міндетті түрде тіркелуі және қаралуы тиіс.

      Қолдаухатты беруші адамдар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұрады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.11.2014 № 08-1-1-1/563 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Азаматтықты өзгерту туралы өтініштер жөніндегі материалдарды қарастыру мерзімі шетелдердегі мекемелерде бір айдан аспауға тиіс.

      6. Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелерді шешудің конституциялық құқығын өз қалауымен іске асырған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы шетелдердегі мекемелерден құжаттарды, соның ішінде азаматтықты өзгерту туралы өтінішті талап етіп алдырады.

      7. Республикадан тысқары жерлерде тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерді орындау Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріне жүктеледі.

      8. ҚР азаматтығына қабылдау немесе шығу материалдары бойынша шетелдік мекеме:

      өтiнiш берушiлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты, олардың туыстық қарым-қатынастары;

      өтiнiш берушiлер қолдау көрсетудi сұрап отырған балаларының тегi, аты, туған күнi мен жерi;

      iстiң мән-жайы, өтiнiштiң мазмұны мен себептерi, сондай-ақ өтiнiш берушi арызының мәнi бойынша шетелдік мекеменiң дәлелдемесi келтiрiлген пiкiр жазылған қорытынды. Бiр отбасының мүшелерiне ортақ бір қорытынды жасалады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш бойынша қорытындыда, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударуға тiлегi және оның қай жерде тұру ниетi барлығы көрсетiледi.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не оның азаматтығынан шығу туралы материалдар бойынша шетелдік мекемелердiң қорытындыларында өтiнiштi қанағаттандыру немесе оны қабылдамаудың орындылығын танудың себептерi егжей-тегжейлi жазылады.

      9. Шетелдегі мекеме ресiмделген материалдарды және екi данадағы өзiнiң қорытындысын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiбередi.

      Осы Нұсқаулықтың 24-тармағының үшінші бөлімінен басқа өтiнiштер бойынша қабылданған шешiмдi түпкiлiктi орындағанға дейiн, өтiнiштер мен қорытынды материалдардың көшiрмелерi консулдық мекемеде сақталуы қажет.

      10. Азаматтық мәселелер жөнiндегi материалдарды шетелдік мекемеде ресiмдеу мерзiмi өтiнiш берілген күнiнен бастап 1 (бiр) айдан аспауы тиiс.

      11. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi азаматтық мәселелер жөнiндегi шешiмдердi алғаннан кейiн олар туралы екi апталық мерзiмде материалдарды берген шетелдік мекемелерге хабарлайды.

      Азаматтық мәселелер жөнiнде материалдар ұсынған шетелдегі мекеме аталған шешiмдердi алғаннан кейiн екi апталық мерзiмде өтiнiштi қараудың нәтижелерi туралы өтiнiш берушiлердi құлақтандырады.

      12. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдар консулдық есепке алынады. Оларға Қазақстан Республикасы азаматының паспорттары берiледi.

      Егер өтiнiш берушi басқа елде тұруға кетсе, бұл туралы шетелдік мекеме шешiмдi орындауға қатысты шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне хабарлайды.

      13. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе оның азаматтығынан шығу туралы өтiнiш керi қайтарылған жағдайда, азаматтық мәселелер бойынша материалдар берген шетелдегі мекемелер өтiнiш берушiге анықтама бередi, онда кiм, қашан және қандай шешiм қабылданғандығы көрсетiледi. Анықтаманың екiншi данасы өтiнiш материалдарына тiгіледi.

2. Қазақстан Республикасының азаматтығына
қатыстылығын анықтау

      14. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау үшiн өтiнiш берушi шетелдік мекемеге келесілерді тапсырады:

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы еркiн нысанда жазылған өтiнiш;

      1-қосымшаға сәйкес сауалнама-өтініш;

      4х5 см. үш сурет.

      Сұрау салуда өтiнiш берушi хабарлаған мәлiметтердiң негiзiнде iстiң мәнiсi, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы анықталып жатқан адам туралы егжей-тегжейлi деректер, оның өтiнiш берген кезiндегi азаматтығы, отбасылық жағдайы, бiлiмi, Қазақстан Республикасында туыстарының бар екендiгi және олардың тұратын жерi жазылады.

      Сұрау салуда, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң бұрын Қазақстан Республикасында тұрғаны не тұрмағандығы, Қазақстан Республикасынан сыртқа кеткенге дейiн қай жерде және кiм болып жұмыс iстегендiгi, қашан, қай жерден және қандай құжат бойынша шетелге кеткендiгi, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы мәселе бойынша бұрын өтiнiш бергенi не бермегендiгi және оның өтiнiшi бойынша қандай шешiм қабылданғандығы, оның жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаты бұрын болғаны не болмағандығы, қазiргi уақытта оның жеке басы қандай құжатпен куәландырылатындығы көрсетiледi. Шетелдегі мекеменiң сұрау салуына өтiнiш берушiнiң сауалнама-өтiнiшi қоса тiркеледi.

      15. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органдар немесе басқа да ұйымдар арқылы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын тексерудi жүзеге асырады және қабылданған шешiм туралы шетелдік мекемеге хабарлайды.

      Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы расталған жағдайда, шетелдік мекеме оған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бередi және консулдық есепке алады.

3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығу туралы құжаттарды ресiмдеу

      16. Елден тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы шетелдердегі мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне мынадай құжаттарды қоса береді:

      2-қосымшаға сәйкес сауалнама-өтініш;

      өмiрбаян;

      үш сурет;

      неке қию және балаларының (болған жағдайда) туу туралы куәлiктерінің көшiрмелерi;

      консулдық алымды төлегендiгi туралы құжат.

      Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында зайыбы (жұбайы) немесе оның асырауында адамдар болған жағдайда, ол осы адамдардың өзiне материалдық және өзге де талаптары жоқ екендiгi туралы нотариалды сипатта куәландырылған осы адамдардың өтiнiшiн ұсынады.

      17. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі шетелдердегі мекемелер куәландырған өтінішті, олардың заңды өкілдері баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса табыс етеді.

      14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының өтінішіне шет елдердегі мекемелер куәландырған өздерінің жазбаша келісімін қоса береді.

      18. Барлық құжаттар мемлекеттiк не орыс тiлiнде жазылуы немесе мемлекеттiк не орыс тілiнде тиiстi түрде куәландырылған аудармасымен жабдықталуы тиiс.

      19. Сауалнама - өтiнiштердiң бланкiлерi өтiнiш берушiлерге олар барлық талап етілетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана берiледi.

      20. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы сауалнама - өтiнiштi берген кезде, өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдарлары түсiндiрiледi, сондай-ақ Заңның 3-бабының ережесi түсiндiрiледi, оған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болса, шет мемлекеттiң азаматтығы танылмайды, ол туралы сауалнама - өтiнiште белгi жасалады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтығын
жоғалтқаны туралы құжаттарды ресiмдеу

      21. Шет елдердегі мекемелер:

      халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан азаматына қатысты оның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына, өзге де мемлекеттік органдарына қызметке кіргенін растайтын құжаттар не басқа анық мәліметтер болса;

      егер азаматтықты көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынғаны анықталған болса;

      егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

      егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.11.2014 № 08-1-1-1/563 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       22. Қазақстан Республикасының азаматтығы оны жоғалтқандығын тіркеген күннен бастап тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы шешім қабылдаудың себептері мен негіздері туралы адамдар хабарландырылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      23. Тiркеу Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы қорытынды жасау жолымен жүзеге асырылады, оны шетелдегі мекеменiң басшысы бекiтедi.

      Қорытындыда азаматтығын жоғалтқан адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, оның Қазақстан Республикасында тұрған-тұрмағандығы, Қазақстан Республикасынан қашан, қай жерден және қандай құжат бойынша сыртқа кеткендiгi көрсетiлуi, сондай-ақ олардың азаматтығын жоғалту негiздерi мен қорытындының жасалған күнi көрсетiлуi тиiс. Қорытынды шетелдегі мекеменiң ресми бланкiсiнде ресiмделедi.

      24. Консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар есептен шығарылады, ал олардың паспорттары жойылады.

      Адамдардың тілектерi бойынша оларға тиiстi анықтама берілуi мүмкін.

      Азаматтығын жоғалтқандығын тiркеу үшiн негiз болған құжаттармен бiрге қорытынды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберіледi.

      Қорытындының көшiрмесi және азаматтығын жоғалтқандығын тiркеу үшiн негiз болған құжаттардың көшiрмелерi шетелдегі мекемеде құжаттар қабылданғаннан бастап 1 (бiр) жыл бойы сақталады.

5. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына
келтiру туралы құжаттарды ресiмдеу

      25. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы құжаттарды ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiштердi қарау үшiн Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      26. Елден тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы шетелдердегі мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне мынадай құжаттарды қоса береді:

      3-қосымшаға сәйкес сауалнама-өтініш;

      өмiрбаян;

      төрт сурет;

      Заңның 1-бабында қарастырылған шарттарды орындайтындығы туралы міндеттеме;

      сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;

      өзге елдің құзіретті органдарымен берілген бұрынғы азаматтығынан шыққандығы немесе оның болмағандығы туралы анықтама;

      неке қию және балаларының (болған жағдайда) туу туралы куәлiктерінің көшiрмелерi;

      өтінушінің бұрын Қазақстан азаматы болғандығын растайтын құжаттар;

      консулдық алымды төлегендiгi туралы құжат.

6. Қорытынды ережелер

      27. Азаматтық мәселелер бойынша өтiнiштi Қазақстан Республикасының Президенті қайта қарауы мүмкiн.

      28. Әрбiр жартыжылдықтың қорытындылары бойынша шетелдік мекемелер Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi шешiмдерiнiң орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ақпарат жiбередi.

      Ақпаратта шетелдік мекеменiң атауы, шешiмнiң нөмiрi мен күнi, оны кiм қабылдағаны, өтiнiш берушiлердiң толық аты-жөнi, шешiм туралы олардың құлақтандырылған күнi көрсетіледi.

      29. Азаматтық мәселелер жөнiндегi материалдарды ресiмдеу кезiнде консулдық алымдарды өндiрiп алу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы –
Сыртқы істер министрімен
бекітілген
  Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелеріне
қатысты құжаттарды
Қазақстан Республикасының
шетелдердегі мекемелерінің
ресімдеуі туралы нұсқаулыққа
1-ші қосымша

СУРЕТ


      нысан

Сауалнама - Өтiнiш

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығымды анықтап беруiңiздi сұраймын.

СҰРАҚТАР

ЖАУАПТАР

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты


2. Сiз бұрын өзiңiз аталып келген барлық тегiңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын санап шығыңыз, оларды қашан, қай жерде және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз


3. Туған күнiңiз, айыңыз, жылыңыз және жерiңiз: (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылсаңыз, сол елдi атаңыз)


4. Ұлтыңыз


5. Отбасылық жағдайыңыз (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шетелге шығудың алдында Тұрған мекен-жайыңыз


7. Соңғы тiркелген орныңыз


8. Соңғы жұмыс, оқу орныңыз


9. Бiлiмiңiз және бiлiмiңiз бойынша мамандығыңыз (қай жерде, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)


10. Егер бұрын басқа мемлекеттердiң азаматтығында (бодандығында) болсаңыз, қай жерде, қашан және қандай негiзде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныңызды егжей-тегжейлi көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе азаматтық жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз онда қашан, кiм және не үшiн тартты



      12. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда)

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеме, ұйым және кәсiпорын Сiз жұмыс iстеген кезiңiзде қалай аталса, солай көрсету қажет. Әскери қызметiңiздi лауазымыңызды және атағыңызды көрсете отырып жазыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорынды (пошта жәшiгi және сол сияқтылар) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi.

Айы мен жылы

Мекемесi, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері














      13. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз _________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы ____________

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы –
Сыртқы істер министрімен
бекітілген
  Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелеріне
қатысты құжаттарды
Қазақстан Республикасының
шетелдердегі мекемелерінің
ресімдеуі туралы нұсқаулыққа
2-ші қосымша

СУРЕТ


      нысан

Сауалнама - Өтiнiш

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруiңiздi сұраймын.

СҰРАҚТАР

ЖАУАПТАР

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты


2. Сiз бұрын өзiңiз аталып келген барлық тегiңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын санап шығыңыз, оларды қашан, қай жерде және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз


3. Туған күнiңiз, айыңыз, жылыңыз және жерiңiз: (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылсаңыз, сол елдi атаңыз)


4. Ұлтыңыз


5. Отбасылық жағдайыңыз (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шетелге шығудың алдында
Тұрған мекен-жайыңыз


7. Соңғы тiркелген орныңыз


8. Соңғы жұмыс, оқу орныңыз


9. Бiлiмiңiз және бiлiмiңiз бойынша мамандығыңыз (қай жерде, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)


10. Егер бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болсаңыз, қай жерде, қашан және қандай негiзде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныңызды егжей-тегжейлi көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе азаматтық жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз онда қашан, кiм және не үшiн тартты?


12. Мемлекеттiң немесе заңды және жеке тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма



      13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда)

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеме, ұйым және кәсiпорын Сiз жұмыс iстеген кезiңiзде қалай аталса, солай көрсету қажет. Әскери қызметiңiздi лауазымыңызды және атағыңызды көрсете отырып жазыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорынды (пошта жәшiгi және сол сияқтылар) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi.

Айы мен жылы

Мекемесi, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері














      14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (күйеуiңiз, әйелiңiз, ата-анаңыз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз (сiңiлiлерiңiз)

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын, сондай-ақ шетелде тұратын барлық туыстары көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Тегi, аты, әкесінің аты

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Орналасқан елі, тұрғылықты мекен-жайы






















      15. Менiмен бiрге бiр мезгiлде кәмелетке толмаған балаларымды да Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығаруға рұқсат беруіңізді сұраймын

N р/с

Тегi, аты, әкесiнiң аты

Туған күнi, жылы және айы

Туған жері

1.




2.




3.




4.




5.




6.





      16. Зайыбы/жұбайы тегi, аты, әкесiнiң аты ___________________________ 20___жылғы "___"____________ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға арналған құжаттарды ресiмдедi.

      Иә/Жоқ/ (қажет емесiн сызып тастаңыз).

      17. Егер зайыбыңыз/жұбайыңыз Қазақстан Республикасының азаматы

      (-шасы) болып табылмаса, онда оның азаматтығын көрсетiңiз ___________

      18. Қазақстаннан шыққан кезiңiзде әскери билет тапсырылған мекеменiң атауы _______________________________________________________________

      19. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз _________________________

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары маған түсіндірілді.

      Өтініш берушінің қолы __________________

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы –
Сыртқы істер министрімен
бекітілген
  Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелеріне
қатысты құжаттарды
Қазақстан Республикасының
шетелдердегі мекемелерінің
ресімдеуі туралы нұсқаулыққа
3-ші қосымша

СУРЕТ


      нысан

Сауалнама-Өтініш

      Менің Қазақстан Республикасының азаматтығымды қалпына келтіруді өтінемін

СҰРАҚТАР

ЖАУАПТАР

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты


2. Сiз бұрын өзiңiз аталып келген барлық тегiңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын санап шығыңыз, оларды қашан, қай жерде және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз


3. Туған күнiңiз, айыңыз, жылыңыз және жерiңiз: (село, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылсаңыз, сол елдi атаңыз)


4. Ұлтыңыз


5. Отбасылық жағдайыңыз (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекен-жайыңыз


7. Соңғы тiркелген орныңыз


8. Соңғы жұмыс, оқу орныңыз


9. Бiлiмiңiз және бiлiмiңiз бойынша мамандығыңыз (қай жерде, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)


10. Егер бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болсаңыз, қай жерде, қашан және қандай негiзде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныңызды егжей-тегжейлi көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе азаматтық жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз онда қашан, кiм және не үшiн тартты


12. Мемлекеттiң немесе заңды және жеке тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма


13. Өзге мемлекеттің әскери қызметін өткердіңіз бе, қауіпсіздік қызметінде, әділет органдарында немесе басқа да мемлекеттік органдарында және басқармаларында жұмыс істедіңіз бе


14. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған мекен-жайыңызды көрсетіңіз



      15. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда)

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеме, ұйым және кәсiпорын Сiз жұмыс iстеген кезiңiзде қалай аталса, солай көрсету қажет. Әскери қызметiңiздi лауазымыңызды және атағыңызды көрсете отырып жазыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорынды (пошта жәшiгi және сол сияқтылар) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi.

Айы мен жылы

Мекемесi, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері














      16. Сiздiң жақын туыстарыңыз (күйеуiңiз, әйелiңiз, ата-анаңыз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз (сiңiлiлерiңiз)

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын, сондай-ақ шетелде тұратын барлық туыстары көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Тегi, аты, әкесінің аты

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, қызметі

Орналасқан елі, тұрғылықты мекен-жайы






















      17. Менiмен бiрге бiр мезгiлде кәмелетке толмаған балаларымның да Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге рұқсат етуіңізді сұраймын.

№ р/с

Тегi, аты, әкесiнiң аты

Туған күнi, жылы және айы

Туған жері

1.




2.




3.




4.




5.




6.





      18. Тегi, аты, әкесiнiң аты _________________________________________

      жұбайы 20___ жылғы "___"____________ Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге арналған құжаттарды ресімдеді.

      Иә/Жоқ (қажет емесiн сызып тастаңыз).

      19. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді құқықтық салдары маған түсіндірілді.

      Өтініш берушінің қолы __________________

      20___ жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады