2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін сапалы дайындау және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін дайындау және өткізу бойынша Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы екімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017жылғы 10 наурыздағы № 31-ө өкімімен бекітілген |
Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін дайындау және өткізу бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с № | Іс-шаралар атауы | Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Мазмұндық мәселелер | ||||
1 | Іс-шараның күн тәртібі мен бағдарламасын әзірлеу және бекіту, Ислам ынтымақтастығы ұйымының хатшылығымен (бұдан әрі - ИЫҰ БХ) келісу | 2017 жылғы 12 маусымға дейін | СІМ | талап етілмейді |
2 | Шетелдік қатысушыларға Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін (бұдан әрі - саммит) өткізудің ұйымдастырушылық-протоколдық шарттары туралы № 1 ақпараттық нота жіберу | 2017 жылғы 19 маусымға дейін | СІМ | талап етілмейді |
3. | Шетелдік қатысушыларға саммитті өткізудің ұйымдастырушылық-протоколдық шарттары туралы № 2 ақпараттық нота жіберу | 2017 жылғы 21 тамызға дейін | СІМ | талап етілмейді |
4. | Іс-шаралар сценарийлерінің жобаларын дайындау (лауазымды тұлғалардың кеңесі, министрліктердің кездесуі, саммит), ИЫҰ БХ-мен келісу | 2017 жылғы 1 тамызға дейін | СІМ | талап етілмейді |
5. | ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің ғылым және технологиялар министрлерінің кездесуін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау | 2017 жылғы 1 тамызға дейін | БҒМ | талап етілмейді |
6. | Саммит тұжырымдамасының және оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберу | 2017 жылғы 10 тамызға дейін | СІМ, БҒМ, ИДМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша) | талап етілмейді |
7. | Бағдарлама жобасын, делегациялар мен іс-шараға қатысушылардың тізімін дайындау және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу | 2017 жылғы 21 тамызға дейін | СІМ | талап етілмейді |
8. | Мемлекет басшысының сөйлейтін сөзін және оның екіжақты кездесулеріне арналған материалдарды, анықтамалық-талдау материалдарын, делегациялар басшыларының биографиялық деректері мен саяси портреттерін, ИЫҰ саммитінің қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау | 2017 жылғы 21 тамызға дейін | СІМ, БҒМ, ИДМ, ДСМ, АШМ, ЭМ, ҰЭМ, Қорғанысмині, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша) | талап етілмейді |
9. | Аға лауазымды тұлғалар отырысын өткізу | 2017 жылғы сәуір және 7-8 қыркүйек | СІМ. БҒМ, ИДМ | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
10. | ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және технологиялар министрлерінің кездесуі | 2017 жылғы 9 қыркүйек | БҒМ, ИДМ, СІМ | ҚР СІМ 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша Білім және ғылым министрлігіне көзделген лимит шегінде |
11. | Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ саммитінің қорытынды құжатын (Outcome Document of first OIC Summit on the Science and Technology) келісу | 2017 жылғы ақпан-наурыз | СІМ, БҒМ, ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ДСМ, "Назарбаев Университеті ДБҰ (келісім бойынша | талап етілмейді |
12. | Астана декларациясын келісу | 2017 жылғы ақпан-наурыз | СІМ | талап етілмейді |
2. Ұйымдастырушылық-протоколдық шаралар | ||||
13. | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ИЫҰ саммитінің қорытынды коммюникесін пысықтау бойынша ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және технологиялар министрлерінің кездесуін өткізу жөніндегі өзектендірілген шығыстар сметасын дайындау | 2017 жылғы 1 наурызға дейін | БҒМ, СІМ, Қаржымині | талап етілмейді |
14. | Тәуелсіздік сарайы алаңын, оның ішінде монтаждау, техникалық және өзге дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жалға алу ақысын төлемей жалға беру туралы мәселені шешу | 2017 жылғы 1 тамызға дейін | СІМ, Астана қаласының әкімдігі | 006 "Өкілдік, шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
15. | Іс-шараға тартылған қазақстандық қызметкерлер мен іс-шараға қатысушылар үшін тіркеуге, аккредиттеуге, қауіпсіздікке, объектілеріне қолжетімділік жүйесіне, көліктік қамтамасыз етуге, тұруға, байланысқа, іс-шараны өткізу объектілеріне, делегациялардың ұшып келуі және ұшып кетуіне қатысты барлық логистикалық және әкімшілік мәселелер (талаптар) көрсетілген егжей-тегжейлі брошюра жобасын әзірлеу | 2017 жылғы 11 тамызға дейін | СІМ, МКҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана қаласының әкімдігі | 006 "Өкілдік, шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
16. | Қазақстандық ресми делегация құрамының жобасы бойынша ұсыныстар енгізу | 2017 жылғы 1 тамызға дейін | СІМ | талап етілмейді |
17. | Қонақүйлерде, іс-шара өтетін орындарда көп адам сиятын намаз оқу бөлмелерін жеткілікті қамтамасыз ету | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | ДІАҚМ, Астана қаласының әкімдігі | талап етілмейді |
18. | Астана қаласында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің алдыңғы топтарын қабылдауды және оның жұмысын ұйымдастыру | 2017 жылғы 15 тамызға дейін | СІМ, БҒМ, МКҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана қаласының әкімдігі және әуежайы | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
19. | Тәуелсіздік сарайының қызмет көрсетуші персоналының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | Астана қаласының әкімдігі | талап етілмейді |
20. | Іс-шараға қатысушылар үшін мәдени бағдарламалар, оның ішінде Ұлттық музейге, Түңғыш Президент музейіне, Бәйтерекке және т.б. ағылшын тілінде экскурсиялық турлар ұйымдастыру | 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін | Астана қаласының әкімдігі, МСМ, СІМ | талап етілмейді |
21. | Астана қаласы әуежайының сыртын және ішін тақырыптық безендіру, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тулары ілінген тутұғылар орнату. Делегациялар тұратын жерлерде ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туларын ілу | 2017 жылғы 9-12 қыркүйек | СІМ, Астана қаласының әкімдігі | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
22. | Бекітілген эскиздерге сәйкес Тәуелсіздік сарайының залдарын дайындау | 2017 жылғы 9 қыркүйекке дейін | СІМ | 006 "Өкілдік шығындар бюджетті бағдарлама бойынша ҚР қаражаты есебінен |
23. | ҚР Президенті Протоколының талаптарына сәйкес ИЫҰ саммитінің іс-шараларын техникалық қамтамасыз ету (жоғары сапалы кәсіби дауыс күшейткіш және бейне-жарықтандыру жабдығы, баспасөз стенділерді, подиумдар, баннерлер, аударма кабиналары, гүлмен безендіру және т.б.) | 2017 жылғы 7 қыркүйекке дейін | СІМ, ПІБ (келісім бойынша) | 006 "Өкілдік шығындар бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР қаражаты есебінен |
24. | Ағылшын және орыс тілдеріне ілеспе және ізбе-із аудармаларды қамтамасыз ету (араб және француз тілдері ИЫҰ БХ есебінен) | іс-шара басталғанға дейін | СІМ | 006 "Өкілдік шығындар бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР қаражаты есебінен |
25. | Делегациялар басшылары мен мүшелерін аккредиттеу | іс-шара қарсаңында және оны өткізу кезінде | СІМ | талап етілмейді |
26. | Ұйымдастырушы-протоколдық топтардың Астана қаласының әуежайында, қонақүйлерінде, Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында және іс-шара өтетін т.б. орындарда жұмысы | іс-шара қарсаңында және оны өткізу кезінде | СІМ, Астана қаласының әкімдігі | талап етілмейді |
27. | Астана қаласы қонақүйлеріндегі нөмірлерді броньдау және ресми делегациялардың мүшелерін, бірге жүретін адамдарды орналастыру | іс-шара басталғанға дейін және оны өткізу кезінде | СІМ, Астана қаласының әкімдігі | талап етілмейді |
28. | Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілетін қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыспен, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны рәсімдеу) қамтамасыз ету | іс-шараны өткізу кезінде | МСМ | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылуы тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша МСМ қаражаты есебінен |
29. | Іс-шараға қатысушылар үшін үздіксіз тамақтандыруды (кофе-брейк, түскі ас, кешкі ас) ұйымдастыру | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | СІМ | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
30. | Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми және бейресми қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар), сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру | іс-шараны өткізу кезінде | ПІБ (келісім бойынша), СІМ | 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен |
31. | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі атынан ресми қабылдаулар ұйымдастыру | іс-шараны өткізу кезінде | СІМ | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
32. | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі атынан ресми қабылдаулар ұйымдастыру | ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер ғылым және технологиялар министрлерінің кездесулерін өткізу кезінде | БҒМ | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша Білім және ғылым министрлігіне көзделген лимит шегінде |
33. | Астана қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері мен тыңдаушылары арасынан міндетті түрде шет тілдерді білетін еріктілерді тарту | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | БҒМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша) | талап етілмейді |
34. | ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне шетелдік делегациялар басшыларының жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің лауазымды және өзге де ықпалды тұлғаларымен консультациялар, келіссөздер, кездесулер өткізу | тұрақты негізде | СІМ | талап етілмейді |
3. Ресми делегациялардың келуі/кетуі | ||||
35. | Астана және Алматы қалаларына ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерден қатынайтын тұрақты халықаралық авиарейстер туралы СІМ-ге ақпарат беру | 2017 жылғы 1 маусымнан бастап, әр айдың 1-не қарай | ИДМ | талап етілмейді |
36. | Делегация басшыларының Астана қаласына ұшып келу және ұшып кету кестелерін дайындау | 2017 жылғы 4 тамызға дейін | СІМ | талап етілмейді |
37. | Ресми делегациялардың мүшелеріне, бірге жүруші адамдарға, шетелдік БАҚ өкілдеріне визаларды ресімдеу. Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының әуежайларында консулдық қызмет қызметкерлерінің кезекшіліктерін ұйымдастыру | іс-шара басталғанға дейін | СІМ, ІІМ | талап етілмейді |
38. | Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шәй үстелдерін және гүлмен безендіруді ұйымдастыру | 2017 жылғы 8-12 қыркүйекте | ПІБ (келісім бойынша) | 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен |
39. | Қазақстан тарапынан күтіп алушыларды/шығарып салушыларды белгілей отырып, шетелдік делегациялардың басшыларын күтіп алу және шығарып салу кестелерін дайындау | 2017 жылғы 21 тамызға дейін | СІМ, ПМК (бекіту) | талап етілмейді |
40. | Ресми делегациялардың VIP-зал арқылы өтуін қамтамасыз ету | іс-шара кезінде | ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), Қаржымині МКК, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының әуежайлары (келісім бойынша), СІМ | талап етілмейді |
41. | Астана (имидждік топ), Алматы және Қарағанды (қажеттілік болғанда) әуежайларында ресми делегацияларды күтіп алу және шығарып салу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру | іс-шараны өткізу кезінде | Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Астана, Алматы қалаларының әуежайлары (келісім бойынша) және қажет болғанда Қарағанды облысының әкімдігі мен Қарағанды қаласының әуежайы (келісім бойынша), СІМ | талап етілмейді |
4. Көлік | ||||
42. | Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп күзетілетін тұлғалар жүретін трассалар мен Астананың сол жағалауында шектеулерді әзірлеу | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | Астана қаласының әкімдігі, МКҚ (келісім бойынша) | талап етілмейді |
43. | Делегацияларды жинау және қонақүйлерден іс-шаралар өтетін жерлерге жеткізу үшін автобус маршруттарын әзірлеу | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | Астана қаласының әкімдігі, СІМ | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
44. | Қатысушылар тұратын орындар мен іс-шаралар өтетін объектілер айналасында кортеждер үшін тұрақ орындардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | Астана қаласының әкімдігі, ІІМ | талап етілмейді |
45. | Делегация басшыларының отырыстар, қабылдаулар және басқа шаралар өтетін орындарға келу/кету кестелерін дайындау | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | СІМ, МКҚ (келісім бойынша), Президент Протоколы (келісім бойынша), ІІМ | талап етілмейді |
46. | Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін көлікпен қамтамасыз ету | 2017 жылғы 7-12 қыркүйек | ПІБ (келісім бойынша), СІМ | 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ПІБ қаражаты есебінен |
47. | Бірге жүретін адамдарды, сондай-ақ алдыңғы жұмыс топтары мүшелерін көлікпен қамтамасыз ету | іс-шараны өткізу кезінде | СІМ, Астана қаласының әкімдігі, ІІМ | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
48. | Делегациялардың келуі мен кетуі кезінде әуежай - қонақүйлер - әуежай; қонақүйлер - іс-шаралар өтетін орындар (түскі астар, қабылдаулар, арнайы шаралар) - қонақүйлер, сондай-ақ қонақүйлер - мешіттер - қонақүйлер маршруттары бойынша чартерлік автобустар қатынасын ұйымдастыру | іс-шараны өткізу кезінде | Астана қаласының әкімдігі, СІМ | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету | ||||
49. | Ресми делегациялар күзет қызметтерінің Қазақстан Республикасының аумағында қару-жарақты, радиостанцияларды және арнайы жабдықтарды өткізулерін келісу бойынша шаралар қабылдау (радиостанцияларды өткізу үшін өтініш келіп түскен кезден бастап 15 күнтізбелік күн) | іс-шара басталғанға дейін | МКҚ (келісім бойынша), ІІМ, АКМ, СІМ | талап етілмейді , |
50. | Іс-шаралар өтетін және саммитке қатысушылар тұратын орындарда қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ресми делегациялар жүретін маршруттар бойынша бірге жүру | 2017 жылғы 9-12 қыркүйек | ІІМ, МКҚ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | талап етілмейді |
51. | Іс-шара кезінде тартылған объектілерге және олардағы монтаждау мен өзге жұмыстардың құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігін бақылау және тексеру | 2017 жылғы 21 тамызға дейін | Астана қаласының әкімдігі | талап етілмейді |
52. | Арнайы ұшақтарды күзетуді ұйымдастыру | 2017 жылғы 9-12 қыркүйек | МКҚ (келісім бойынша), ІІМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) | талап етілмейді |
53. | Делегациялар тұратын және іс-шаралар өтетін орындарда медициналық пунктерді уақытша құра отырып, медициналық жұмыскерлер мен өрт сөндіру бригадаларының тәуліктік кезекшілігін қамтамасыз ету | 2017 жылғы 9-12 қыркүйек | ІІМ ТЖК, ДСМ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша) | 028 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
54. | Ресми делегациялар арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағының үстімен ұшып өтуін, Астана және Қарағанды (Алматы қаласында қолайсыз ауа-райы болған жағдайда) әуежайларына қону мен ұшып шығуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде литерлік әуе кемелерінің өтуіне толық бақылауды қамтамасыз ету | іс-шараны өткізу кезінде | ИДМ, Қорғанысмині, СІМ | талап етілмейді |
55. | Ресми делегациялардың ұшақтарына қонудың/ұшудың басым құқығын беру | іс-шараны өткізу кезінде | СІМ, ИДМ, Астана және Қарағанды қалаларының әуежайлары (келісім бойынша) | талап етілмейді |
56. | Қажет болған кезде ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әуе кемелерін қабылдау үшін Қарағанды қаласының әуежайын дайындау (Астана қаласында қолайсыз ауа-райы болған жағдайда), сондай-ақ оларға тиісті техникалық қызмет көрсету (трап, тарту көлігі) бойынша шаралар қабылдау | 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ИДМ | талап етілмейді |
6. Ресми делегацияларды орналастыру | ||||
57. | Делегациялар мүшелеріне жеңілдетілген шарт бойынша тұру, ерте тіркелу және кеш кету ("early check-in" және "late check-out") қызметін көрсету жөніндегі мәселені шешу мақсатында Астана қаласындағы қонақүй иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу | 2017 жылғы 9 қыркүйекке дейін және ИЫҰ саммитін өткізу кезінде | Астана қаласының әкімдігі, СІМ | талап етілмейді |
58. | Ресми делегациялар басшылары мен мүшелерінің жүретін маршруттары бойынша және тұратын жерлеріне шектес аумақтарын жайластыру және тұрақты түрде тазалауды жүргізу | 2017 жылғы 25 тамызға дейін | Астана қаласының әкімдігі | талап етілмейді |
59. | Делегациялар басшыларын қонақүйлерде, резиденцияларда орналастыру. Күзетілетін тұлғалардың тұратын жерлерінде қажеттілігіне қарай күзету үшін штабтық бөлмелерді қамтамасыз ету | 2017 жылғы 8 - 12 қыркүйек | ПІБ (келісім бойынша), СІМ, Астана қаласының әкімдігі | Делегация басшысы (1 - формат) 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен, делегация мүшелері (5 - формат) ( 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша СІМ қаражаты есебінен |
7. Ақпараттық сүйемелдеу | ||||
60. | Қазақстандық және шетелдік БАҚ тізімдерін жасау | 2017 жылғы 1 тамызға дейін | СІМ | талап етілмейді |
61. | Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу | 2017 жылғы 6 қыркүйекке дейін | СІМ (шетелдік БАҚ), АКМ (қазақстандық БАҚ) | талап етілмейді ; |
62. | Қазақстандық БАҚ-тың Астана қаласының әуежайында мемлекет басшыларын күтіп алу салтанатын түсіруін қамтамасыз ету | 2017 жылғы 9-11 қыркүйек | СІМ, АКМ | талап етілмейді |
63. | Қазақстандық және шетелдік БАҚ-та іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету | 2017 жылғы 5-15 қыркүйек | АКМ, СІМ, ПБҚ (келісім бойынша) | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
64. | ИЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасының жобасын дайындау және Президент Әкімшілігіне енгізу | 2017 жылғы 6 қыркүйек | СІМ, БҒМ, ИДМ | талап етілмейді |
65. | Бейнетүсірілімдерді трансляциялауды қамтамасыз ету және бейнематериалдарды тарату | 2017 жылғы 9-12 қыркүйек | СІМ, АКМ, Президенттің ТРК (келісім бойынша) | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
66. | ИЫҰ саммитінің отырысын өткізу орындарында баспасөз орталықтарының жұмысын ұйымдастыру | іс-шараны өткізу кезінде | СІМ, АКМ, "Қазақтелеком", ЛҚ (келісім бойынша) | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
8. Баспалық және сыйлық өнімдері | ||||
67. | Баспа өнімдерін (іс-шараға қатысушылар үшін анықтамалар, делегациялар басшылары үшін белгілер, арнайы багаж биркалары, сапар бағдарламалары, куверттік карточкалар, қабылдауға шақырулар және т.б.) жасау; ресми делегациялардың мүшелеріне сыйлықтар мен кәдесыйлар дайындау, тулар мен тутұғырларды жасау | 2017 жылғы 1 тамызға дейін | СІМ, МКҚ (келісім бойынша) | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
68. | Ресми делегациялар үшін сыйлықтар мен кәдесыйларды сатып алу | 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ПІБ (келісім бойынша) | 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен |
69. | Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми және ресми емес іс-шараларды өткізетін жерлердегі үй-жайларды гүлмен безендіру | 2017 жылғы 8-11 қыркүйек | ПІБ (келісім бойынша) | 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен |
70. | ИЫҰ саммитінің логотипін пайдалана отырып, үлестірмелі материалдарды жасау (қолжазба кітапшаларын, қарындаштар, туристік материал, қала картасы және өзге де қажетті материалдар) | 2017 жылғы 15 тамызға дейін | СІМ, Астана қаласының әкімдігі | 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
ҰҚК | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ПІБ | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы |
МКҚ | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі |
ПБҚ | - | Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі |
СІМ | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
Қорғанысмині | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
АКМ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
АШМ | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
БҒМ | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ДІАҚМ | - | Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі |
ИДМ | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
Қаржымині | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
МСМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
ҰЭМ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Президенттің ТРК КАҚ | - | "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғам |
ҚР ҰҚК ШҚ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі |
ІІМ ТЖК | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті |
Қаржыминінің МКК | - | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | - | "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Назарбаев Университеті" ДБҰ | - | "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы |
"Қазақтелеком" АҚ | - | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы |