Астана қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 31-ө өкімі

      2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін сапалы дайындау және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін дайындау және өткізу бойынша Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы екімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017жылғы 10 наурыздағы
№ 31-ө өкімімен
бекітілген

Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін дайындау және өткізу бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

1. Мазмұндық мәселелер

1

Іс-шараның күн тәртібі мен бағдарламасын әзірлеу және бекіту, Ислам ынтымақтастығы ұйымының хатшылығымен (бұдан әрі - ИЫҰ БХ) келісу

2017 жылғы 12 маусымға дейін

СІМ

талап етілмейді

2

Шетелдік қатысушыларға Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін (бұдан әрі - саммит) өткізудің ұйымдастырушылық-протоколдық шарттары туралы № 1 ақпараттық нота жіберу

2017 жылғы 19 маусымға дейін

СІМ

талап етілмейді

3.

Шетелдік қатысушыларға саммитті өткізудің ұйымдастырушылық-протоколдық шарттары туралы № 2 ақпараттық нота жіберу

2017 жылғы 21 тамызға дейін

СІМ

талап етілмейді

4.

Іс-шаралар сценарийлерінің жобаларын дайындау (лауазымды тұлғалардың кеңесі, министрліктердің кездесуі, саммит), ИЫҰ БХ-мен келісу

2017 жылғы 1 тамызға дейін

СІМ

талап етілмейді

5.

ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің ғылым және технологиялар министрлерінің кездесуін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау

2017 жылғы 1 тамызға дейін

БҒМ

талап етілмейді

6.

Саммит тұжырымдамасының және оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберу

2017 жылғы 10 тамызға дейін

СІМ, БҒМ, ИДМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді

7.

Бағдарлама жобасын, делегациялар мен іс-шараға қатысушылардың тізімін дайындау және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу

2017 жылғы 21 тамызға дейін

СІМ

талап етілмейді

8.

Мемлекет басшысының сөйлейтін сөзін және оның екіжақты кездесулеріне арналған материалдарды, анықтамалық-талдау материалдарын, делегациялар басшыларының биографиялық деректері мен саяси портреттерін, ИЫҰ саммитінің қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау

2017 жылғы 21 тамызға дейін

СІМ, БҒМ, ИДМ, ДСМ, АШМ, ЭМ, ҰЭМ, Қорғанысмині, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді

9.

Аға лауазымды тұлғалар отырысын өткізу

2017 жылғы сәуір және 7-8 қыркүйек

СІМ. БҒМ, ИДМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

10.

ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және технологиялар министрлерінің кездесуі

2017 жылғы 9 қыркүйек

БҒМ, ИДМ, СІМ

ҚР СІМ 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша Білім және ғылым министрлігіне көзделген лимит шегінде

11.

Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ саммитінің қорытынды құжатын (Outcome Document of first OIC Summit on the Science and Technology) келісу

2017 жылғы ақпан-наурыз

СІМ, БҒМ, ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ДСМ, "Назарбаев Университеті ДБҰ (келісім бойынша

талап етілмейді

12.

Астана декларациясын келісу

2017 жылғы ақпан-наурыз

СІМ

талап етілмейді

2. Ұйымдастырушылық-протоколдық шаралар

13.

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ИЫҰ саммитінің қорытынды коммюникесін пысықтау бойынша ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және технологиялар министрлерінің кездесуін өткізу жөніндегі өзектендірілген шығыстар сметасын дайындау

2017 жылғы 1 наурызға дейін

БҒМ, СІМ, Қаржымині

талап етілмейді

14.

Тәуелсіздік сарайы алаңын, оның ішінде монтаждау, техникалық және өзге дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жалға алу ақысын төлемей жалға беру туралы мәселені шешу

2017 жылғы 1 тамызға дейін

СІМ, Астана қаласының әкімдігі

006 "Өкілдік, шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

15.

Іс-шараға тартылған қазақстандық қызметкерлер мен іс-шараға қатысушылар үшін тіркеуге, аккредиттеуге, қауіпсіздікке, объектілеріне қолжетімділік жүйесіне, көліктік қамтамасыз етуге, тұруға, байланысқа, іс-шараны өткізу объектілеріне, делегациялардың ұшып келуі және ұшып кетуіне қатысты барлық логистикалық және әкімшілік мәселелер (талаптар) көрсетілген егжей-тегжейлі брошюра жобасын әзірлеу

2017 жылғы 11 тамызға дейін

СІМ, МКҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана қаласының әкімдігі

006 "Өкілдік, шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

16.

Қазақстандық ресми делегация құрамының жобасы бойынша ұсыныстар енгізу

2017 жылғы 1 тамызға дейін

СІМ

талап етілмейді

17.

Қонақүйлерде, іс-шара өтетін орындарда көп адам сиятын намаз оқу бөлмелерін жеткілікті қамтамасыз ету

2017 жылғы 25 тамызға дейін

ДІАҚМ, Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

18.

Астана қаласында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің алдыңғы топтарын қабылдауды және оның жұмысын ұйымдастыру

2017 жылғы 15 тамызға дейін

СІМ, БҒМ, МКҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана қаласының әкімдігі және әуежайы

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

19.

Тәуелсіздік сарайының қызмет көрсетуші персоналының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету

2017 жылғы 25 тамызға дейін

Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

20.

Іс-шараға қатысушылар үшін мәдени бағдарламалар, оның ішінде Ұлттық музейге, Түңғыш Президент музейіне, Бәйтерекке және т.б. ағылшын тілінде экскурсиялық турлар ұйымдастыру

2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Астана қаласының әкімдігі, МСМ, СІМ

талап етілмейді

21.

Астана қаласы әуежайының сыртын және ішін тақырыптық безендіру, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тулары ілінген тутұғылар орнату. Делегациялар тұратын жерлерде ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туларын ілу

2017 жылғы 9-12 қыркүйек

СІМ, Астана қаласының әкімдігі

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

22.

Бекітілген эскиздерге сәйкес Тәуелсіздік сарайының залдарын дайындау

2017 жылғы 9 қыркүйекке дейін

СІМ

006 "Өкілдік шығындар бюджетті бағдарлама бойынша ҚР қаражаты есебінен

23.

ҚР Президенті Протоколының талаптарына сәйкес ИЫҰ саммитінің іс-шараларын техникалық қамтамасыз ету (жоғары сапалы кәсіби дауыс күшейткіш және бейне-жарықтандыру жабдығы, баспасөз стенділерді, подиумдар, баннерлер, аударма кабиналары, гүлмен безендіру және т.б.)

2017 жылғы 7 қыркүйекке дейін

СІМ, ПІБ (келісім бойынша)

006 "Өкілдік шығындар бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР қаражаты есебінен

24.

Ағылшын және орыс тілдеріне ілеспе және ізбе-із аудармаларды қамтамасыз ету (араб және француз тілдері ИЫҰ БХ есебінен)

іс-шара басталғанға дейін

СІМ

006 "Өкілдік шығындар бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР қаражаты есебінен

25.

Делегациялар басшылары мен мүшелерін аккредиттеу

іс-шара қарсаңында және оны өткізу кезінде

СІМ

талап етілмейді

26.

Ұйымдастырушы-протоколдық топтардың Астана қаласының әуежайында, қонақүйлерінде, Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында және іс-шара өтетін т.б. орындарда жұмысы

іс-шара қарсаңында және оны өткізу кезінде

СІМ, Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

27.

Астана қаласы қонақүйлеріндегі нөмірлерді броньдау және ресми делегациялардың мүшелерін, бірге жүретін адамдарды орналастыру

іс-шара басталғанға дейін және оны өткізу кезінде

СІМ, Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

28.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілетін қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыспен, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны рәсімдеу) қамтамасыз ету

іс-шараны өткізу кезінде

МСМ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылуы тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша МСМ қаражаты есебінен

29.

Іс-шараға қатысушылар үшін үздіксіз тамақтандыруды (кофе-брейк, түскі ас, кешкі ас) ұйымдастыру

2017 жылғы 25 тамызға дейін

СІМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

30.

Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми және бейресми қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар), сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру

іс-шараны өткізу кезінде

ПІБ (келісім бойынша), СІМ

001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен

31.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі атынан ресми қабылдаулар ұйымдастыру

іс-шараны өткізу кезінде

СІМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

32.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі атынан ресми қабылдаулар ұйымдастыру

ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер ғылым және технологиялар министрлерінің кездесулерін өткізу кезінде

БҒМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша Білім және ғылым министрлігіне көзделген лимит шегінде

33.

Астана қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері мен тыңдаушылары арасынан міндетті түрде шет тілдерді білетін еріктілерді тарту

2017 жылғы 25 тамызға дейін

БҒМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді

34.

ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне шетелдік делегациялар басшыларының жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің лауазымды және өзге де ықпалды тұлғаларымен консультациялар, келіссөздер, кездесулер өткізу

тұрақты негізде

СІМ

талап етілмейді

3. Ресми делегациялардың келуі/кетуі

35.

Астана және Алматы қалаларына ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерден қатынайтын тұрақты халықаралық авиарейстер туралы СІМ-ге ақпарат беру

2017 жылғы 1 маусымнан бастап, әр айдың 1-не қарай

ИДМ

талап етілмейді

36.

Делегация басшыларының Астана қаласына ұшып келу және ұшып кету кестелерін дайындау

2017 жылғы 4 тамызға дейін

СІМ

талап етілмейді

37.

Ресми делегациялардың мүшелеріне, бірге жүруші адамдарға, шетелдік БАҚ өкілдеріне визаларды ресімдеу. Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының әуежайларында консулдық қызмет қызметкерлерінің кезекшіліктерін ұйымдастыру

іс-шара басталғанға дейін

СІМ, ІІМ

талап етілмейді

38.

Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шәй үстелдерін және гүлмен безендіруді ұйымдастыру

2017 жылғы 8-12 қыркүйекте

ПІБ (келісім бойынша)

001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен

39.

Қазақстан тарапынан күтіп алушыларды/шығарып салушыларды белгілей отырып, шетелдік делегациялардың басшыларын күтіп алу және шығарып салу кестелерін дайындау

2017 жылғы 21 тамызға дейін

СІМ, ПМК (бекіту)

талап етілмейді

40.

Ресми делегациялардың VIP-зал арқылы өтуін қамтамасыз ету

іс-шара кезінде

ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), Қаржымині МКК, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының әуежайлары (келісім бойынша), СІМ

талап етілмейді

41.

Астана (имидждік топ), Алматы және Қарағанды (қажеттілік болғанда) әуежайларында ресми делегацияларды күтіп алу және шығарып салу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру

іс-шараны өткізу кезінде

Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Астана, Алматы қалаларының әуежайлары (келісім бойынша) және қажет болғанда Қарағанды облысының әкімдігі мен Қарағанды қаласының әуежайы (келісім бойынша), СІМ

талап етілмейді

4. Көлік

42.

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп күзетілетін тұлғалар жүретін трассалар мен Астананың сол жағалауында шектеулерді әзірлеу

2017 жылғы 25 тамызға дейін

Астана қаласының әкімдігі, МКҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді

43.

Делегацияларды жинау және қонақүйлерден іс-шаралар өтетін жерлерге жеткізу үшін автобус маршруттарын әзірлеу

2017 жылғы 25 тамызға дейін

Астана қаласының әкімдігі, СІМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

44.

Қатысушылар тұратын орындар мен іс-шаралар өтетін объектілер айналасында кортеждер үшін тұрақ орындардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету

2017 жылғы 25 тамызға дейін

Астана қаласының әкімдігі, ІІМ

талап етілмейді

45.

Делегация басшыларының отырыстар, қабылдаулар және басқа шаралар өтетін орындарға келу/кету кестелерін дайындау

2017 жылғы 25 тамызға дейін

СІМ, МКҚ (келісім бойынша), Президент Протоколы (келісім бойынша), ІІМ

талап етілмейді

46.

Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін көлікпен қамтамасыз ету

2017 жылғы 7-12 қыркүйек

ПІБ (келісім бойынша), СІМ

001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ПІБ қаражаты есебінен

47.

Бірге жүретін адамдарды, сондай-ақ алдыңғы жұмыс топтары мүшелерін көлікпен қамтамасыз ету

іс-шараны өткізу кезінде

СІМ, Астана қаласының әкімдігі, ІІМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

48.

Делегациялардың келуі мен кетуі кезінде әуежай - қонақүйлер - әуежай; қонақүйлер - іс-шаралар өтетін орындар (түскі астар, қабылдаулар, арнайы шаралар) - қонақүйлер, сондай-ақ қонақүйлер - мешіттер - қонақүйлер маршруттары бойынша чартерлік автобустар қатынасын ұйымдастыру

іс-шараны өткізу кезінде

Астана қаласының әкімдігі, СІМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

49.

Ресми делегациялар күзет қызметтерінің Қазақстан Республикасының аумағында қару-жарақты, радиостанцияларды және арнайы жабдықтарды өткізулерін келісу бойынша шаралар қабылдау (радиостанцияларды өткізу үшін өтініш келіп түскен кезден бастап 15 күнтізбелік күн)

іс-шара басталғанға дейін

МКҚ (келісім бойынша), ІІМ, АКМ, СІМ

талап етілмейді ,

50.

Іс-шаралар өтетін және саммитке қатысушылар тұратын орындарда қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ресми делегациялар жүретін маршруттар бойынша бірге жүру

2017 жылғы 9-12 қыркүйек

ІІМ, МКҚ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

талап етілмейді

51.

Іс-шара кезінде тартылған объектілерге және олардағы монтаждау мен өзге жұмыстардың құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігін бақылау және тексеру

2017 жылғы 21 тамызға дейін

Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

52.

Арнайы ұшақтарды күзетуді ұйымдастыру

2017 жылғы 9-12 қыркүйек

МКҚ (келісім бойынша), ІІМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді

53.

Делегациялар тұратын және іс-шаралар өтетін орындарда медициналық пунктерді уақытша құра отырып, медициналық жұмыскерлер мен өрт сөндіру бригадаларының тәуліктік кезекшілігін қамтамасыз ету

2017 жылғы 9-12 қыркүйек

ІІМ ТЖК, ДСМ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша)

028 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

54.

Ресми делегациялар арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағының үстімен ұшып өтуін, Астана және Қарағанды (Алматы қаласында қолайсыз ауа-райы болған жағдайда) әуежайларына қону мен ұшып шығуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде литерлік әуе кемелерінің өтуіне толық бақылауды қамтамасыз ету

іс-шараны өткізу кезінде

ИДМ, Қорғанысмині, СІМ

талап етілмейді

55.

Ресми делегациялардың ұшақтарына қонудың/ұшудың басым құқығын беру

іс-шараны өткізу кезінде

СІМ, ИДМ, Астана және Қарағанды қалаларының әуежайлары (келісім бойынша)

талап етілмейді

56.

Қажет болған кезде ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әуе кемелерін қабылдау үшін Қарағанды қаласының әуежайын дайындау (Астана қаласында қолайсыз ауа-райы болған жағдайда), сондай-ақ оларға тиісті техникалық қызмет көрсету (трап, тарту көлігі) бойынша шаралар қабылдау

2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін

ИДМ

талап етілмейді

6. Ресми делегацияларды орналастыру

57.

Делегациялар мүшелеріне жеңілдетілген шарт бойынша тұру, ерте тіркелу және кеш кету ("early check-in" және "late check-out") қызметін көрсету жөніндегі мәселені шешу мақсатында Астана қаласындағы қонақүй иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2017 жылғы 9 қыркүйекке дейін және ИЫҰ саммитін өткізу кезінде

Астана қаласының әкімдігі, СІМ

талап етілмейді

58.

Ресми делегациялар басшылары мен мүшелерінің жүретін маршруттары бойынша және тұратын жерлеріне шектес аумақтарын жайластыру және тұрақты түрде тазалауды жүргізу

2017 жылғы 25 тамызға дейін

Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

59.

Делегациялар басшыларын қонақүйлерде, резиденцияларда орналастыру. Күзетілетін тұлғалардың тұратын жерлерінде қажеттілігіне қарай күзету үшін штабтық бөлмелерді қамтамасыз ету

2017 жылғы 8 - 12 қыркүйек

ПІБ (келісім бойынша), СІМ, Астана қаласының әкімдігі

Делегация басшысы (1 - формат) 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен, делегация мүшелері (5 - формат) ( 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша СІМ қаражаты есебінен

7. Ақпараттық сүйемелдеу

60.

Қазақстандық және шетелдік БАҚ тізімдерін жасау

2017 жылғы 1 тамызға дейін

СІМ

талап етілмейді

61.

Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу

2017 жылғы 6 қыркүйекке дейін

СІМ (шетелдік БАҚ), АКМ (қазақстандық БАҚ)

талап етілмейді ;

62.

Қазақстандық БАҚ-тың Астана қаласының әуежайында мемлекет басшыларын күтіп алу салтанатын түсіруін қамтамасыз ету

2017 жылғы 9-11 қыркүйек

СІМ, АКМ

талап етілмейді

63.

Қазақстандық және шетелдік БАҚ-та іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

2017 жылғы 5-15 қыркүйек

АКМ, СІМ, ПБҚ (келісім бойынша)

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

64.

ИЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасының жобасын дайындау және Президент Әкімшілігіне енгізу

2017 жылғы 6 қыркүйек

СІМ, БҒМ, ИДМ

талап етілмейді

65.

Бейнетүсірілімдерді трансляциялауды қамтамасыз ету және бейнематериалдарды тарату

2017 жылғы 9-12 қыркүйек

СІМ, АКМ, Президенттің ТРК (келісім бойынша)

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

66.

ИЫҰ саммитінің отырысын өткізу орындарында баспасөз орталықтарының жұмысын ұйымдастыру

іс-шараны өткізу кезінде

СІМ, АКМ, "Қазақтелеком", ЛҚ (келісім бойынша)

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

8. Баспалық және сыйлық өнімдері

67.

Баспа өнімдерін (іс-шараға қатысушылар үшін анықтамалар, делегациялар басшылары үшін белгілер, арнайы багаж биркалары, сапар бағдарламалары, куверттік карточкалар, қабылдауға шақырулар және т.б.) жасау; ресми делегациялардың мүшелеріне сыйлықтар мен кәдесыйлар дайындау, тулар мен тутұғырларды жасау

2017 жылғы 1 тамызға дейін

СІМ, МКҚ (келісім бойынша)

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

68.

Ресми делегациялар үшін сыйлықтар мен кәдесыйларды сатып алу

2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін

ПІБ (келісім бойынша)

001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен

69.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми және ресми емес іс-шараларды өткізетін жерлердегі үй-жайларды гүлмен безендіру

2017 жылғы 8-11 қыркүйек

ПІБ (келісім бойынша)

001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша ПІБ қаражаты есебінен

70.

ИЫҰ саммитінің логотипін пайдалана отырып, үлестірмелі материалдарды жасау (қолжазба кітапшаларын, қарындаштар, туристік материал, қала картасы және өзге де қажетті материалдар)

2017 жылғы 15 тамызға дейін

СІМ, Астана қаласының әкімдігі

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты есебінен

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПМК

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ПІБ

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

МКҚ

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

ПБҚ

-

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

СІМ

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

АКМ

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

АШМ

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

БҒМ

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДСМ

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ДІАҚМ

-

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

ИДМ

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МСМ

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ЭМ

-

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Президенттің ТРК КАҚ

-

"Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғам

ҚР ҰҚК ШҚ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі

ІІМ ТЖК

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті

Қаржыминінің МКК

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

"ҚТЖ" ҰК" АҚ

-

"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Назарбаев Университеті" ДБҰ

-

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

"Қазақтелеком" АҚ

-

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады