"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының 119-2-тармағына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Ұлттық экспорттық стратегия" үкіметтік бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2017 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде "Ұлттық экспорттық стратегия" үкіметтік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) жобасы бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 98-ө өкіміне қосымша |
"Ұлттық экспорттық стратегия" үкіметтік бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы
Сүлейменов | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші |
Бәкенов | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Күшікова | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры, хатшы |
Рау | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
Исаева | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Мағауов | - | Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі |
Рамазанов | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі |
Сахов | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаменті директорының міндетін атқарушы |
Нұрашев | - | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары |
Қоныспаев | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары |
Сақтағанов | - | Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Ахметов | - | Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Әміржанов | - | Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Әукенов | - | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Дычко | - | Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Жамалов | - | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Жанке | - | Жамбыл облысы әкімінің орынбасары |
Кайнарбеков | - | Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Кәрібеков | - | Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
Ким | - | Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
Мырзалиев | - | Қостанай облысы әкімінің орынбасары |
Стексов | - | Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Әбдіқадыров | - | Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы |
Григорьева | - | Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы |
Мұрат | - | Алматы облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы |
Жандосов | - | "Қазақстан экономистер қауымдастығының" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |