"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 144-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 61-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 17.04.2019 № 61-ө өкімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

      "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 65-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 144-ө өкіміне
қосымша

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,

      Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма басшысы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 144-ө өкімімен
бекітілген

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016. жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарау және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдау;

      2) Бағдарламаны іске асыруға және Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;

      3) кәсіптік стандарттарды іске асыру және білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) біліктілікті тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      5) Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру, оның ішінде Ұлттық біліктілік органын құру және жұмысы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) Ұлттық біліктілік жүйесінің элементтері арқылы экономика салаларын цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.02.2018 № 23-ө өкімімен.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

О создании Межведомственной комиссии по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 10 октября 2017 года № 144-р. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 17 апреля 2019 года № 61-р

      Сноска. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра РК от 17.04.2019 № 61-р.

      В целях выработки предложений по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы:

      1. Создать Межведомственную комиссию по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы (далее - Комиссия) в составе согласно приложению к настоящему распоряжению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии.

      3. Признать утратившим силу распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 20 июля 2015 года № 65-р "О создании Межведомственной комиссии по вопросам реализации Дорожной карты занятости 2020".

      Премьер-Министр Б. Сагинтаев

  Приложение
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 10 октября 2017 года № 144-р

Состав
Межведомственной комиссии по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель

      Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, заместитель председателя

      вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, секретарь

      первый вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан

      вице-министр финансов Республики Казахстан

      вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      вице-министр энергетики Республики Казахстан

      вице-министр по делам религии и гражданского общества Республики Казахстан

      депутат Сената Парламента Республики Казахстан, председатель Комитета по социально-культурному развитию (по согласованию)

      депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, председатель Комитета по социально-культурному развитию (по согласованию)

      председатель правления акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро" (по согласованию)

      заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

      заместитель председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан (по согласованию)

  Утверждено
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 10 октября 2017 года №144-р

Положение
о Межведомственной комиссии по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы

1. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Целью деятельности Комиссии является выработка предложений по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2016 года № 919 (далее - Программа).

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Рабочим органом Комиссии является Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      5. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не менее двух раз в год.

2. Задачи Комиссии

      6. Основными задачами Комиссии являются:

      1) рассмотрение основных итогов выполнения Программы и заслушивание отчетов центральных и местных исполнительных органов по реализации Программы, а также государственных, правительственных программ и программ развития территорий соответственно в части создания рабочих мест и трудоустройства по отраслям и в регионах;

      2) внесение на рассмотрение Правительства Республики Казахстан предложений по вопросам, связанным с реализацией Программы.

3. Организация и порядок работы Комиссии

      7. Организация и порядок работы Комиссии осуществляются в соответствии с Инструкцией о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247.