Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 38-ө өкiмiмен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 23.10.2018 № 131-ө; 11.04.2019 № 57-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Департамент директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 38-ө өкiмiмен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылықа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау, сондай-ақ валюталық түсім болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шетел валютасындағы жаңа қарыздарын қарыз сомасының кемінде 30 %-ы мөлшерінде хеджирлеу жөніндегі ұсынымдар тұжырымдау;

      2) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының бекітілген шекті көлемін түзету бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2022 № 16-ө өкімімен.

      6-1. Комиссия квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын қарыздарға қызмет көрсету бойынша жоспарларды ескере отырып ұсынымдар тұжырымдайды.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2022 № 16-ө өкімімен.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

О создании Комиссии по вопросам определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 3 апреля 2018 года № 38-р. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2022 года № 268.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.04.2022 № 268.

      В целях выработки предложений по вопросам определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора:

      1. Образовать Комиссию по вопросам определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора (далее – Комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) состав Комиссии;

      2) Положение о Комиссии.

      Премьер-Министр Б. Сагинтаев

  Утвержден
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 3 апреля 2018 года № 38-р

Состав
Комиссии по вопросам определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора

      Сноска. Состав с изменениями, внесенными распоряжениями Премьер-Министра РК от 23.10.2018 № 131-р; от 11.04.2019 № 57-р; постановлением Правительства РК от 01.10.2020 № 624 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 28.01.2022 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан − Министр торговли и интеграции Республики Казахстан, председатель

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан, заместитель председателя

      директор Департамента Министерства национальной экономики Республики Казахстан, секретарь

      заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию)

      вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

      вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

      вице-министр финансов Республики Казахстан

      вице-министр энергетики Республики Казахстан

  Утверждено
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 3 апреля 2018 года № 38-р

Положение
о Комиссии по вопросам определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора

1. Общие положения

      1. Комиссия по вопросам определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора (далее – Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Целью деятельности Комиссии является выработка рекомендаций по определению предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Рабочим органом Комиссии является Министерство национальной экономики Республики Казахстан.

      5. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости.

      Сноска. Пункт 5 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 11.04.2019 № 57-р.

2. Задачи Комиссии

      6. Основными задачами Комиссии являются:

      1) выработка рекомендаций по определению предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора, а также хеджированию новых займов в иностранной валюте субъектов квазигосударственного сектора в размере не менее 30 % от суммы займа в случае отсутствия валютной выручки;

      2) выработка рекомендаций по корректировке утвержденного предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным распоряжением Премьер-Министра РК от 25.01.2022 № 16-р.

      6-1. Комиссия вырабатывает рекомендации с учетом планов по обслуживанию займов, предоставляемых субъектами квазигосударственного сектора.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 6-1 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 25.01.2022 № 16-р.

3. Организация деятельности Комиссии

      7. Организация и порядок деятельности Комиссии осуществляются в соответствии с Инструкцией о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247.