Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып тағайындалсын:

      1) Халықаралық Валюта Қоры:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісу бойынша),

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкі:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов;

      3) Еуропа Қайта құру және Даму банкi:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      4) Азия Даму Банкi:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      5) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Нұрашұлы Баймишев;

      6) Ислам Даму Банкi:

      Басқарушы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісу бойынша),

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил.".

      2. "Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов тағайындалсын.".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында:

      4-қосымшада:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:

      мына:

      "Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары";

      мына:

      "Ким Вячеслав Константинович – тәуелсіз директор

      Ақышев Данияр Талғатұлы − Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі" деген жолдар алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

      "Дәулет Еділұлы Ерғожин - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      5. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 5-қосымша осы өзгерiстер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;

      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.".

      7. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы өзгерiстер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      8. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловты төраға етіп;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановты;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевты сайлау ұсынылсын.".

      9. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 475 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыровты "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.".

      10. "Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 996 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" және "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдарына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевты сайлауды қамтамасыз етсін.".

      11. "Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, хатшы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, хатшы;";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;".

      12. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі".

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:

      3-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі".

      14. "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі".

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі".

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Экспорттық саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 40-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорттық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);" деген жол алып тасталсын.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкімінде:

      2-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі (келісім бойынша)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары (келісім бойынша) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісім бойынша)";

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)".

      18. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;";

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі департаментінің директоры, хатшы;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (келісу бойынша);";

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;";

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;" деген жол алып тасталсын.

      19. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға".

      20. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі".

      21. "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төраға;";

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі;".

      22. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік кызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төраға".

      23. "Неміс инвесторларымен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 42-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген неміс инвесторларымен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс тобының құрамында:

      "Скляр Роман Васильевич − Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Скляр Роман Васильевич − Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші".

      24. "Ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Астана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 55-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Aстана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмыс тобының құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, жетекші".

      25. "Инвесторларды тарту мәселелері жөнінде кеңес (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңестің (инвестициялық штабтың) құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, "Aстана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Aстана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісу бойынша)".

      26. "Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 174-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобының құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші".

      27. "Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 2-ө өкімінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр Комиссия жұмысының нәтижелері мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндасын.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамында:

      мына:

      "

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы, Комиссияның төрағасы

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі, Комиссия төрағасының орынбасары

Бүркітбаев
Жандос Қонысұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы

Ильин
Юрий Викторович

-

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Комиссияның төрағасы

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Комиссия төрағасының орынбасары

Бүркітбаев
Жандос Қонысұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Ильин
Юрий Викторович

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      ".

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2013 жылғы 25 мамырдағы
  № 516 қаулысына
  5-қосымша

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 1 наурыздағы
  № 100 қаулысына
  қосымша

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады