Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 624 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.
2. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысында:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;".
3. "Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 10, 104-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".
4. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)".
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:
көрсетілген өкімге 1-қосымшада:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";
көрсетілген өкімге 2-қосымшада:
көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";
көрсетілген өкімге 3-қосымшада:
көрсетілген өкіммен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары –Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";
көрсетілген өкімге 6-қосымшада:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".
6. "Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 28-ө өкімінде:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшының орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, басшының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы";
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.".
7. "Қазақстан Республикасы жанынан Экспорттық саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 40-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорттық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;".
8. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;".
9. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 146-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;".
10. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға".
11. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 59-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға".
12. "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;";
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша);" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);".
13. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға".
14. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 52-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі – төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – төраға";
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы – хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".