1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 5 шілдедегі "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тізбеге сәйкес құқықтық актілерді заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 94-ө өкімімен бекітілген |
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 және "Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
2. | Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
3. | Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2018 жылғы қараша | Ж.Б. Ешмағамбетов |
4. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
5. | Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
6. | "Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
7. | "Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
8. | "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
9. | "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қазан | Ж.Б. Ешмағамбетов |
10. | "Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмагамбетов |
11. | Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
12. | Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
13. | Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
14. | Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
15. | Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
16. | Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
17. | Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
18 | Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
19 | Адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
20 | Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Ешмағамбетов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.