1. Қоса беріліп отырған "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
3. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 97-ө өкімімен бекітілген |
"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қараша | О.А. Смоляков |
2. | Бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) ЭМ ИДМ | 2019 жылғы наурыз | О.А. Смоляков, М. Ж. Досмұхамбетов, А.К. Қабыкенов |
3. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АКМ ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан | Д.Р. Щеглова, О.А. Смоляков |
4. | "Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2018 жылғы қыркүйек | Қ.Е. Баеділов |
5. | Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2019 жылғы наурыз | О.А. Смоляков |
6. | Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2019 жылғы наурыз | О.А. Смоляков |
7. | Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2019 жылғы наурыз | О.А. Смоляков |
8. | Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2019 жылғы наурыз | О.А. Смоляков |
9. | Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2019 жылғы наурыз | О.А. Смоляков |
10. | Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2019 жылғы наурыз | О.А. Смоляков |
11. | Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
12. | Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ(келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
13. | "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
14. | Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
15. | Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
16. | Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
17. | Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Құрманов |
18. | "Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
19. | Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
20. | Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
21. | Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
22. | Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
23. | Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
24. | Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
25. | Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) Қаржымині | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков, Р.Б. Бекетаев |
26. | Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
27. | Жасалуы банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызу туралы негіз болып табылатын нарықтық емес талаптармен мәмілелердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
28. | Төлемге қабілетсіз банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
29. | Микрокредит беру туралы шарттың міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | О.А. Смоляков |
30. | Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына және көрсетілетін төлем кызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Құрманов |
31. | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | Ж.Б. Құрманов |
32. | "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | О.А. Смоляков |
33. | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | Ж.Б. Құрманов |
34. | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | Д.Т. Ғалиева |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.