Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13870 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 218 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына және микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 134 қаулысымен
бекітілген

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға
берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге
байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі

      1. Осы Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) жеке тұлғаларға берілген (берілетін) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыздар (бұдан әрі – қарыз) мен микрокредиттерге қатысты қолданылады.

      2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген (берілетін) қарызды, микрокредитті беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге мынадай комиссиялар мен өзге де төлемдер жатады:

      1) қарыз, микрокредит алуға өтініш пен құжаттарды қарағаны үшін;

      2) қарыз, микрокредит ұйымдастырғаны үшін;

      3) микрокредит бергені үшін;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      5) берілген қарыздың, микрокредиттің талаптарын өзгерткені үшін комиссиялар:

      өтеу кестесін;

      қарыз валютасын;

      сыйақы мөлшерлемесін;

      қарызды, микрокредитті өтеу әдістерін;

      6) мынадай:

      қарыз алушының (тең қарыз алушының), кепілгердің (кепіл берушінің) бастамасы бойынша қарыз алушымен (тең қарыз алушымен), кепілгермен (кепіл берушімен) байланысты талаптардың өзгеруі;

      қарыз, микрокредит бойынша мүлік ауыртпалығы талаптарының өзгеруі, сондай-ақ кепіл затын ауыстыру кезінде;

      кепіл берушіні ауыстыру;

      клиенттің өтініші бойынша клиенттің кредиттік құжаттамасына кіретін кепіл мәніне құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну;

      клиенттің өтініші бойынша жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге (тіркеуден шығаруға), кепілмен қамтамасыз ету аумағында жасалған қайта жоспарлауды, құрылысты, қосымша құрылысты заңдастыруға келісім туралы анықтаманы беру;

      кепіл берушіні ауыстыру кезінде пайдалануға енгізілген мүлікке меншік құқығын және (немесе) кепіл құқығын ресімдеу бойынша қызмет көрсету;

      жылжымайтын мүліктің мақсатын өзгерту, жер телімдерін үлестерге бөлу бойынша қызмет көрсету;

      клиенттің өтініші бойынша кепілмен қамтамасыз ету болып табылатын көлік құралының тіркеу нөмірін ауыстыруға, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге, көлік құралы бойынша жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге рұқсат беру туралы анықтаманы беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссиялар;

      7) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін және кепіл берушінің пайдалануындағы кепіл шарты бойынша кепіл затын сақтандыру кезіндегі клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдерін қоспағанда, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк), микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;

      8) клиенттің кепілдік (кепілгерлік) алу үшін кепілгерге (кепілдік берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;

      9) банкке, микроқаржы ұйымына клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттарды қарыз, микрокредит беру талаптарына сәйкестікке тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, микроқаржы ұйымына беру, банктің, микроқаржы ұйымының клиенттерінен қарыздарды, микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері;

      10) клиенттің өтініші бойынша қарыз, микрокредит бойынша несие берешегі туралы анықтаманы бергені үшін;

      11) қарызды ішінара (толығымен) мерзімінен бұрын өтегені үшін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады