Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8319 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 227 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген

Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі – есептік тіркеу) – микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу.

      2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі – Филиал) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

      1) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;

      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

      3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);

      4) мыналарды:

      микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;

      микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы) айқындамасын;

      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және (немесе) Заңның 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);

      ағымдағы ахуалдың талдамасын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;

      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;

      5) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер;

      6) микроқаржы ұйымының жоғарғы органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;

      7) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 06 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі;

      8) берілген микрокредиттер бойынша кірістерді және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жыл ішіндегі салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржы ұйымдары ұсынады).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2-1. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар электрондық түрде, Қағидалардың 2-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген құжаттар PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Филиалға ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Филиалдар микроқаржы ұйымдарының орналасқан жері бойынша Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізеді.

      Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімде Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы ақпарат жібереді және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы микроқаржы ұйымын хабардар етеді не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-1. Микроқаржы ұйымдарының тізіліміндегі тіркеу нөмірінде 9 (тоғыз) белгі болады және мынадай құрылымнан тұрады: ФФ.ЖЖ.ННН, мұндағы: ФФ – Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтарына сәйкес қойылатын Филиал коды;

      ЖЖ – ағымдағы жылдың соңғы 2 (екі) цифры;

      ННН – микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі.

      Әрбір күнтізбелік жыл, микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі 001-ден басталады. Есептік тіркеуді нөмірлеуді Филиалдар дербес жүргізеді.

      Егер есептік тіркеудің реттік нөмірі үш таңбалы саннан (999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз)) асып кетсе, төрт таңбалы реттік нөмірді (НННН) пайдалануға жол беріледі.

      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Филиал Қағидалардың 4-тармағында көзделген ақпаратты Ұлттық Банкке Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген мерзім аяқталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 15-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.

      7. Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығаруды Филиал Заңның 16-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

      Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығару туралы жазбаша хабарламаны Филиал тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша микроқаржы ұйымына жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      8. Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Филиал есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      10. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4 және 9-тармақтарында көрсетілген мерзім он бес жұмыс күнін құрайды.

      11. Филиал қайтадан берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      12. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      ____________________________________________________________________

      қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің орналасқан орны

      ____________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен

      парақтар саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың тексерілгенін және дәйекті әрі толық

      болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ___________________________

  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Микроқаржы ұйымының атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)




  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
3-қосымша
  1-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық пошта мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті (бейрезиденті)

      ____________________________________________________________________

      Қызметінің негізгі түрі

      _________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      __________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өтініш берушінің жарғылық

      капиталына қатысу үлесіне ақшаны енгізу алдындағы меншік капиталының мөлшері

      және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақы төлеу үшін енгізілген

      сома

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың толық

      атауларын және орналасқан жерлерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде

      өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерлерін көрсете отырып, өтініш

      берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы

      топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар

      туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20 __ жылғы "____" _____________.

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) басшысының қолы

      _____________________________

  2-нысан

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер

      (жеке тұлға үшін)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Туған күні ___________________________________________________________

      Азаматтығы

      ____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      ____________________________________________________________________

                  (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                              (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (телефон нөмірі, бар болса электрондық пошта мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың толық

      атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде

      өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________;

      5. Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім

      қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының

      бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғаны жөніндегі мәліметтер.

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы _______________

  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және тізілімнен
шығару қағидаларына 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нысан

Атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтер (болған кезде) туралы мәліметтер
_______________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы ұйымының атауы көрсетіледі)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(жеке басын куәландыратын құжатқа толығымен сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда - олар қашан және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)


Туылған күні мен жері


________________________________________________________________

________________________________________________________________


Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(елді-мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)


Азаматтығы



Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________



      Өтініш берушінің қатысушы, акционер ретінде басқа да заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:


Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері


Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері


Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, лауазымды тұлғаға тиесілі акциялар саны және заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына оның акцияларының пайыздық арақатынасы







      2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмысының мамандығына сәйкес келетін кәсіби білімі


________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(оқу орнының, факультетінің немесе бөлімінің атауы және орналасқан жері, оқу кезеңі, берілген біліктілік, білімі жөніндегі дипломның деректемелері көрсетілсін)


Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істеп жүрген салада біліктілігін арттыру курстары, ғылыми дәрежелері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(оқу орнының атауы және орналасқан жері, оқыған кезеңі, білімі туралы дипломның деректемелері, сертификат, куәліктер көрсетілсін)


Қол жеткізген жетістіктері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетілсін, мысалы, ғылыми жарияланымдарының аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы және тағы басқа)


Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)



      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:


Жұмыс кезеңі (ай, жыл)


Ұйымның атауы, атқарған лауазымдары және лауазымдық міндеттері















      3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы


Иә/жоқ

(егер иә болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі үкімнің күні мен нөмірі, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің не 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін)


Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуі туралы деректердің болуы


Иә/жоқ (егер иә болса, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін)


Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғандығы


Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі


Микроқаржы ұйымының басшысы болып жауапкер ретінде қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сотта істі қарауға тартылды ма


(сотта істі қарау күні, жауапкер-ұйымның атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін)


Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат


(еркін түрде көрсетіледі)



      Мен, _________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      осы ақпаратты тексергенімді және ол дәйекті әрі толық болып

      табылатынын растаймын, ____________________

      (қолы, күні)

  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Микроқаржы ұйымдарының тізілімі
20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Берілген тіркеу нөмірі

Микроқаржы ұйымының атауы

Микроқаржы ұйымының бизнес сәйкестендіру нөмірі

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Мекенжайы

Телефон нөмірі, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)

Тізілімге енгізілген күні

  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және тізілімнен
шығару қағидаларына 6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтары

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі филиалының коды

1
 

2
 

3
 

1
 

Орталық филиал (Астана қаласы)
 

53
 

2
 

Алматы қалалық филиалы
 

05
 

3
 

Алматы облыстық филиалы
 

41
 

4
 

Ақмола филиалы
 

24
 

5
 

Ақтөбе филиалы
 

03
 

6
 

Атырау филиалы
 

12
 

7
 

Шығыс Қазақстан филиалы
 

09
 

8
 

Жамбыл филиалы
 

14
 

9
 

Батыс Қазақстан филиалы
 

49
 

10
 

Қарағанды филиалы
 

18
 

11
 

Қостанай филиалы
 

27
 

12
 

Қызылорда филиалы
 

21
 

13
 

Маңғыстау филиалы
 

29
 

14
 

Павлодар филиалы
 

32
 

15
 

Солтүстік Қазақстан филиалы
 

36
 

16
 

Оңтүстік Қазақстан филиалы
 

58
 

  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және тізілімнен
шығару қағидаларына 7-қосымша
  Нысан

Микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімнен шығару туралы мәліметтер

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша

Берілген тіркеу нөмірі

Микроқаржы ұйымының атауы

Микроқаржы ұйымының бизнес сәйкестендіру нөмірі

Мекенжайы

Тізілімнен шығарылған күні

Негіз









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады