Мемлекеттік органдардың су шаруашылығы және трансшекаралық су-энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру және осы салада ел мүддесін қорғауда бірыңғай ұстаным әзірлеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің трансшекаралық су шаруашылығы және су-энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.09.2020 № 123-ө өкімімен.2. Арнайы өкілге трансшекаралық өзендер ағынын реттеу үшін жағалау маңындағы мемлекеттермен электр энергиясымен тауар алмасу мәселелерін үйлестіру, трансшекаралық су шаруашылығы және су-энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиялардың қазақстандық бөліктеріне төрағалық ету жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |