Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің трансшекаралық су шаруашылығы және су-энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 33-ө өкімі.

      Мемлекеттік органдардың су шаруашылығы және трансшекаралық су-энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру және осы салада ел мүддесін қорғауда бірыңғай ұстаным әзірлеу мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің трансшекаралық су шаруашылығы және су-энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.09.2020 № 123-ө өкімімен.

      2. Арнайы өкілге трансшекаралық өзендер ағынын реттеу үшін жағалау маңындағы мемлекеттермен электр энергиясымен тауар алмасу мәселелерін үйлестіру, трансшекаралық су шаруашылығы және су-энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиялардың қазақстандық бөліктеріне төрағалық ету жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады