"XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 124-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.";
көрсетілген өкіммен бекітілген XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі";
"Deloitte" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға менеджері (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитеттің бас директоры (келісім бойынша)
Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG басқарушы әріптесі (келісім бойынша)".
Премьер-Министр | А. Мамин |