"XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 124-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 70-ө өкімі

      "XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 124-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі";

      "Deloitte" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға менеджері (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

      Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитеттің бас директоры (келісім бойынша)

      Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG басқарушы әріптесі (келісім бойынша)".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады