Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.10.2020 № 130-ө өкімімен.
"Ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 13-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамында:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісу бойынша)";
"2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 1 қарашаға дейін үкіметтік емес бейінді ұйымдар мен жұртшылық өкілдерін және сарапшыларды тарта отырып, ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.".
Премьер-Министр | А. Мамин |