"Ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 13-ө өкіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 105-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 130-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.10.2020 № 130-ө өкімімен.

      "Ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 13-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісу бойынша)";

      2-тармақта:

      "2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 1 қарашаға дейін үкіметтік емес бейінді ұйымдар мен жұртшылық өкілдерін және сарапшыларды тарта отырып, ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады