Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.10.2020 № 130-ө өкімімен.
Ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісу бойынша)
"Нұр Отан" партиясының хатшысы (келісім бойынша)
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарлары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2019 № 105-ө өкімімен.2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 1 қарашаға дейін үкіметтік емес бейінді ұйымдар мен жұртшылық өкілдерін және сарапшыларды тарта отырып, ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2019 № 105-ө өкімімен.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |