"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Департамент директоры, хатшы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Департамент директоры, хатшы;";
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;";
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі секторының меңгерушісі;
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі секторының меңгерушісі;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі секторының меңгерушісі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі секторының меңгерушісі (келісу бойынша);";
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;";
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
"5. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.".
Премьер-Министр | А. Мамин |