"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінін 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 179-ө өкімі

      "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Департамент директоры, хатшы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Департамент директоры, хатшы;";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;";

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі секторының меңгерушісі;

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі секторының меңгерушісі;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі секторының меңгерушісі (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі секторының меңгерушісі (келісу бойынша);";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

      "5. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады