1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.
3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мәслихаттарға енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.
4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтерін белгілеу бөлігінде 2020 – 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыстар мәслихаттарының шешімдеріне өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 22 ақпандағы № 37-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, несиелендіру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2020 жылғы ақпан | Ш.Т. Каринова |
2 | Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2020 жылғы ақпан | Б.А. Асылова |
3 | "Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердің пайдалану ережесi мен режимiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2020 жылғы ақпан | Р.Ж. Құрманов |
4 | "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2020 жылғы қараша | Б.А. Асылова |
5 | "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2020 жылғы қараша | Б.А. Асылова |
6 | "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы ақпан | Қ.А. Өскенбаев |
7 | "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы ақпан | Қ.А. Өскенбаев |
8 | "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2020 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
9 | 2020 – 2022 жылдарға арналған корпоративтік табыс салығын төлеушілердің, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы | бірлескен бұйрық | ҰЭМ және Қаржымині | 2020 жылғы ақпан | М.Т. Тәкиев |
10 | Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2020 жылғы ақпан | Б.А. Асылова |
11 | Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім беру бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2020 жылғы қараша | Ш.Т. Каринова |
12 | "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2020 жылғы наурыз | Б.Ш. Шолпанқұлов |
13 | "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2020 жылғы наурыз | Б.Ш. Шолпанқұлов |
14 | "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2020 жылғы ақпан | Б.А. Асылова |
15 | Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекіту туралы | Алматы қаласы мәслихатының шешімі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | М.Б. Әзірбаев |
16 | Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекіту туралы | Алматы қаласы мәслихатының шешімі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | М.Б. Әзірбаев |
17 | Қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты бекіту туралы | Алматы қаласы мәслихатының шешімі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
18 | Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы | Алматы қаласы мәслихатының шешімі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
19 | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихат шешімдері | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ИИДМ | 2020 жылғы ақпан | республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары |
20 | Коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту және коммуналдық ақылы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға, паркингтерге) сараланған тариф белгілеу туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
21 | Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлеу туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
22 | Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
23 | Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
24 | Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
25 | Алматы қаласының автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
26 | Алматы қаласы аумағында және қала маңы аймағында Стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидаларын бекіту туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | С.Қ. Тұяқбаев |
27 | Жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын бекіту туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | С.Қ. Тұяқбаев |
28 | Жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын бекіту туралы | Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы | Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Н.Ж. Нұркенов |
29 | Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындау туралы | Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы | Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | А.К. Амрин |
30 | Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін заңды тұлғаны айқындау туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | С.Қ. Тұяқбаев |
31 | Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын ұйымды айқындау туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
32 | Сыртқы жарықтандыру жүйесін пайдалану жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.Т. Қожағапанов |
33 | Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы | облыс әкімдіктерінің қаулылары | облыстардың ЖАО | 2020 жылғы қараша | облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары |
34 | "Астана Конвеншн Бюросы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 114-2321 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы | Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | М.Е. Бектұрова |
35 | "Нұр-Сұлтан қаласының аумағында автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы | Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі | 2020 жылғы ақпан | Е.А. Қизатов |
36 | Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіткен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер енгізу туралы | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулылары | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің ЖАО | 2020 жылғы қараша | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |