"Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Үкіметінде ККО кеңестері мен отырыстарының ұзақтығын барынша қысқартып, оларды тек жұмыс уақытында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) ғана өткізуді;".
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) орталық және жергілікті атқарушы органдарда екі және одан да көп орталық мемлекеттік орган қатысатын ККО кеңестері мен отырыстарының ұзақтығын барынша қысқартып, оларды тек жұмыс уақытында (сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ғана өткізуді;";
көрсетілген өкіммен бекітілген Премьер-Министрдің төрағалығымен өткізілетін консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарда:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметінде ККО кеңестері мен отырыстарын өткізу Регламентке қатаң сәйкес белгіленген күндері және еңбек заңнамасы міндетті түрде сақталып, ұзақтығы барынша қысқартылып, тек жұмыс уақытында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) ғана жүзеге асырылады.".
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Орталық және жергілікті атқарушы органдарда екі және одан да көп орталық мемлекеттік орган қатысатын ККО кеңестері мен отырыстарын өткізу ұзақтығы барынша қысқартылып, тек жұмыс уақытында (сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ғана жүзеге асырылады.".
Премьер-Министр | А. Мамин |