"Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру, кеңестердің санын азайту және құжат айналымын қысқарту мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілетін консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі - ККО), сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметінде, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдарда кеңестерді ұйымдастырған кезде ұсынымдардың сақталуын;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілетін ККО-ның кеңестері мен отырыстарын, егер мемлекеттік орган негізгі баяндамашы болып айқындалса, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының қатысуын;

      3) мыналарда:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы, министрлер (ККО отырыстарын қоспағанда) төрағалық ететін кеңестерде – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының;

      орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары төрағалық ететін кеңестерде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) басқарма басшыларының, қажет болған жағдайда ЖАО бірінші басшылары орынбасарларының қатысуын;

      4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінде және оның орынбасарларында өткізілетін ККО кеңестері мен отырыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстардың нақты тұжырымдалуын, олардың негізділігі, өзектілігі және іске асырылуы тұрғысынан ведомствоаралық пысықталуын;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметінде ККО кеңестері мен отырыстарының ұзақтығын барынша қысқартып, оларды тек жұмыс уақытында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) ғана өткізуді;

      5-1) орталық және жергілікті атқарушы органдарда екі және одан да көп орталық мемлекеттік орган қатысатын ККО кеңестері мен отырыстарының ұзақтығын барынша қысқартып, оларды тек жұмыс уақытында (сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ғана өткізуді;

      6) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 29.04.2024 № 56-ө өкімімен;
      7) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 29.04.2024 № 56-ө өкімімен;

      8) басқа мемлекеттік органдарға сұрау салуды түбегейлі қысқартуды;

      9) жауапты лауазымды адамдарды, олардың телефондарын және ақпараттың жаңартылу мерзімділігін көрсете отырып, ақпараттық жүйелерде орналастырылатын ақпарат тізбесімен тиісті ведомстволық бұйрықтарды бекітуді және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 22.04.2020 № 59-ө; 16.11.2023 № 181-ө; 29.04.2024 № 56-ө өкімдерімен.
      3. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 29.04.2024 № 56-ө өкімімен.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі басқа мемлекеттік органдар үшін ведомстволық құжаттардың, есептер мен статистикалық деректердің қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін бақылауға бағытталған өлшемшарттарды енгізу бөлігінде "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша мемлекеттік органды ұйымдық дамытуды бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізсін.

      5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.04.2024 № 56-ө өкімімен.

      6. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары осы өкімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 16.11.2023 № 181-ө өкімімен.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 6 қарашадағы
№ 140-ө өкімімен
бекітілген

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткізілетін консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 22.04.2020 № 59-ө; 29.04.2024 № 56-ө өкімдерімен.

      Мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайландыру, орталық органдардың қызметін ретке келтіру және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілді. Регламентте мынадай жұмыс тәртібі белгіленді:

Апта күндері

Іс-шаралар

Дүйсенбі

Премьер-Министрде/Премьер-Министрдің орынбасарларында өткізілетін селекторлық кеңестер Премьер-Министрде/Премьер-Министрдің орынбасарларында өткізілетін жедел кеңестер*

Сейсенбі

Үкімет отырысы

Сәрсенбі

Парламент Мәжілісіндегі пленарлық отырыс

Бейсенбі

Парламент Сенатындағы пленарлық отырыс

Консультативтік-кеңесші органдардың отырыстары

Жұма

Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы кеңестер

      * Жедел кеңестер қажет болған жағдайда кез келген күні өткізіледі.

      Осы ұсынымдар Қазақстан Республикасының Премьер-Министріндегі, оның орынбасарларындағы кеңестер мен отырыстарды дайындау мен өткізудің бірыңғай әдістемелік және ұйымдық тәсілдерін қамтамасыз етуге және:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен;

      Премьер-Министр орынбасарларының төрағалығымен;

      орталық және жергілікті атқарушы органдарда өткізілетін ККО кеңестері мен отырыстарын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді нақтылауға бағытталған.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының төрағалығымен, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардағы ККО кеңестері мен отырыстарын дайындау және өткізу кезінде мынадай негізгі қағидаттар мен басымдықтар сақталуға тиіс:

      1) негізділік (мәселе төрағалық етушінің ерекше құзырына не тиісті ККО функцияларына жатады және орталық және жергілікті атқарушы органдар не квазимемлекеттік сектор өздігінен шеше алмайды);

      2) жоспарлылық (жедел кеңестерді қоспағанда, кеңестер алдын ала (бір ай, тоқсан және т.б. бұрын) жоспарланған болуға тиіс;

      3) материалдарды дайындау сапасы (телефонограммаларды (күн тәртібін), алдағы кеңестердің материалдарын алдын ала жіберу, шақырылатын адамдардың тізімін айқындау, кеңеске жабдықтар мен залдың даярлығын тексеру);

      4) кеңеске қатысушылар даярлығының сапасы (кеңестер шешім қабылдауға уәкілетті адамдардың "шағын" тобымен өткізіледі);

      5) кеңестің нәтижелілігі (тапсырмалар нақты тұжырымдалуға тиіс, жауапты адамдардың тізбесі, сондай-ақ орындау мерзімдері);

      6) ККО кеңестері мен отырыстарын дайындау аясында құжат айналымын барынша қысқарту, сондай-ақ бақылаудағы тапсырмалар санын азайту және олардың қайталануын болдырмау.

      Қазақстан Республикасының Үкіметінде ККО кеңестері мен отырыстарын өткізу Регламентке қатаң сәйкес белгіленген күндері және еңбек заңнамасы міндетті түрде сақталып, ұзақтығы барынша қысқартылып, тек жұмыс уақытында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) ғана жүзеге асырылады.

      Орталық және жергілікті атқарушы органдарда екі және одан да көп орталық мемлекеттік орган қатысатын ККО кеңестері мен отырыстарын өткізу ұзақтығы барынша қысқартылып, тек жұмыс уақытында (сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ғана жүзеге асырылады.

      Кеңестерді өткізу кезінде селекторлық және бейнеконференцбайланыс форматы, әсіресе, орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс кезінде барынша пайдаланылады.

      Кеңестерді ұйымдастыру кезінде ККО кеңестері мен отырыстарына бір орталық немесе жергілікті атқарушы органнан бірнеше басшы лауазымды адамдардың бір мезгілде шақырылуына жол бермеу қажет.

      Жедел немесе үдемелі сипаттағы кеңестердің қорытындылары бойынша хаттамаларды дайындау талап етілмейді.

2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінде консультативтік-кеңесші органдардың кеңестері мен отырыстарын ұйымдастыру

      Орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдегі кеңестердің не отырыстардың күн тәртібіне:

      Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тікелей Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жолдаған;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктеріне жататын, нақты ККО-лардың функциялары мен міндеттеріне жататын мәселелерді шығарады.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министріндегі ККО кеңестері мен отырыстарына, егер мемлекеттік орган негізгі баяндамашы болып айқындалса, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының міндетті қатысуы қамтамасыз етіледі.

      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларын алмастыру айырықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісуімен ғана жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары өткізетін кеңестерді ұйымдастыру

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларында кеңестерді ұйымдастыру олардың өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Премьер-Министрдің орынбасарларында өтетін кеңестерге қатысу үшін орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары не қаралатын мәселелер құзыретіне жататын төмен тұрған өзге де лауазымды адамдар (министрлер тиісті ККО мүшелері болып айқындалған жағдайларды қоспағанда) шақырылады.

4. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда консультативтік-кеңесші органдардың ведомствоаралық кеңестерін ұйымдастыру

      Орталық және жергілікті атқарушы органдарда ведомствоаралық кеңестерді ұйымдастыру кезінде кеңестерде бір мезгілде бір мемлекеттік органның бірнеше өкілінің қатысуы фактісіне жол берілмейді.

      Кеңестерге орталық және жергілікті атқарушы органдардың талқылау жоспарланып отырған мәселелерге тікелей қатысы бар қызметкерлері ғана қатысады.

      Орталық және жергілікті атқарушы органдарда МОИП-та Құжаттар кітапханасы/МО ақпараттарының тізбесі бөлімінде ай сайын статистикалық деректерді орналастыра отырып, қоса беріліп отырған нысанға сәйкес ведомствоаралық кеңестерді міндетті түрде есепке алу қамтамасыз етіледі.

      Кеңестерді ұйымдастыру кезінде өз бетінше не МОИП арқылы шешіле алатын мәселелер, оның ішінде ұйымдық сипаттағы мәселелер бойынша ведомствоаралық хат алмасуға жол берілмейді.

      Кеңестердің қорытындылары бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша бірлескен шешімдердің қабылдануы қамтамасыз етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 6 қарашадағы
№ 140-ө өкіміне
қосымша

Мемлекеттік органдарда 20 ___ жылғы " __ " бастап " __ " " _________ " дейінгі кезеңде өткізілген жиналыстар мен отырыстардың саны бойынша кесте

Лауазымды адам

Кеңестің/ отырыстың атауы

Кеңесті/ отырысты өткізу датасы

Кеңесті/ отырысты өткізу уақыты

Ұзақтығы

Қатысу

министрлер

оның ішінде селектор режимінде

вице-министрлер

оның ішінде селектор режимінде

Комитеттердің төрағалары

Комитеттер төрағаларының орынбасарлары

директорлар

әкімдер

оның ішінде селектор режимінде

әкімдердің орынбасарлары

оның ішінде селектор режимінде

аппарат басшылары

басқарма басшылары (әкімдіктер)

Орталық атқарушы органдар

Министрлік_______

Министр


















Т.А.Ә.


















Вице-министр


















Т.А.Ә.


















Вице-министр


















Т.А.Ә.


















БАРЛЫҒЫ


















Жергілікті атқарушы органдар

_______ республикалық маңызы бар қаланың, облыстың әкімдігі

Әкім


















Т.А.Ә.

Әкімнің бірінші орынбасары


















Т.А.Ә.

Әкімнің орынбасары


















Т.А.Ә.

БАРЛЫҒЫ


















жиыны


















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады