1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді белгіленген тәртіппен қабылдасын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 18 шілдедегі № 96-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/ с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2020 жылғы тамыз | А.Қ. Мадалиев |
2. | Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ жеке сот орындаушысының республикалық палатасы мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру қағидаларын және лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ жеке сот орындаушысының республикалық палатасы мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы екімнің нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині, ҰБ (келісу бойынша) | 2020 жылғы қыркүйек | А.Қ. Мадалиев Е.А. Біртанов |
3. | Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2020 жылғы қыркүйек | А.Қ. Мадалиев |
4. | "Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2020 жылғы қыркүйек | А.Қ. Мадалиев |
5. | "Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2020 жылғы қыркүйек | А.Қ. Мадалиев |
6. | "Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2020 жылғы қыркүйек | А.Қ. Мадалиев |
7. | "Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2020 жылғы қыркүйек | А.Ә. Сарбасов |
8. | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2020 жылғы қыркүйек | А.Қ. Мадалиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.