Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12498 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 195-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы нұсқама нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 292-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5826 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 қарашадағы № 171 (1594) "Заң газетінде" жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 381 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11416 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қоланысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 1-қосымша

      Нысан

      Кімге ____________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты

      __________________________________

      (ол болған кезде), лауазымы)

      __________________________________

      (ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының
бұзушылықтарын жою туралы
НҰСҚАМА № ____

      20__ жылғы "__" __________

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек

      кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкеc Қазақстан Республикасы

      еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға нұсқама беремін:

Р/с №

Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабын немесе тармағын көрсету) және оларды жою жөніндегі талаптар

Орындалу мерзімі

Ескертпе


























      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек

      кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы

      "__" _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат

      мына мекенжайға: ____________________________________________________

      берілсін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде)

      Нұсқаманы алдым ____________ _________ ________________________

      (лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 30 қарашадағы
  № 904 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге ____________________________
  ____________________________
  Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), егер жұмыс беруші заңды тұлға болған жағдайда – оның атауы, тұрғылықты жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
  Елдi мекеннің атауы

Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы НҰСҚАМА № ___ 20__ жылғы "__" __________

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкеc 20___ жылғы "___" ______________ мерзіміне дейін келесі жұмыскерге (жұмыскерлерге):

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ___________ ____________ ж.т.,

      ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;

      2) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т.,

      ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;

      3) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т.,

      ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: ________________ ____________ теңге мөлшерінде жалақы төленсін деп нұсқама беремін.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы "__" _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат мына мекенжайға:

      ___________________________________________________ берілсін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы

      _________ ________________________

      Қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына немесе сотқа оны алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.

      Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.

      Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы сот актісі заңды күшіне еңген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасының негізінде бұл нұсқаманың міндетті күші бар.

      Нұсқаманы алдым:

      ____________ _______________________________________

      Қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), алған күні

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      Кімге _____________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты

      ___________________________________

      (ол болған кезде), лауазымы)

      ___________________________________

      (ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы
НҰСҚАМА № _____________

      20__ жылғы "__" __________

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек

      кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы

      еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға нұсқама беремін:

Р/с №

Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабын немесе тармағын көрсету) және оларды жою жөніндегі талаптар

Орындалу мерзімі

Ескертпе






















      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек

      кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы

      "__" _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат

      мына мекенжайға:_____________________________________________________

      берілсін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде)

      Нұсқаманы алдым ____________ _________ ________________________

      (лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде)

  Қазақстан Республикасы  
  Денсаулық сақтау және   
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 30 қарашадағы 
  № 904 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      Кімге _____________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты

      ___________________________________

      (ол болған кезде), лауазымы)

      ___________________________________

      (ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы нұсқама

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "__" ________ № _____

      _____________________________________________________________________

      Қызметі тоқтатыла тұратын субъект туралы мәліметтер: жеке тұлға, дара

      кәсіпкер, заңды тұлға, лауазымды тұлға

      (керектінің асты сызылсын)

      _____________________________________________________________________

      субъектінің атауы

      _____________________________________________________________________

      орналасқан жері, жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      және субъектінің банк деректемелері

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлға немесе дара кәсіпкер басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде)

      туған күні __________________________________________________________

      тұрғылықты жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері

      _____________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер

      қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі ________________________________

      Мен, (Бас) Мемлекеттік еңбек инспекторы ___________________

      (керектінің асты сызылсын)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік

      бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналарды анықтадым: _________________

      еңбек қауіпсіздігі

      _____________________________________________________________________

      және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық

      _____________________________________________________________________

      актілердің бұзылған тармақтары, баптарының талаптарын көрсету

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек

      кодексінің 193-бабы 6) тармақшасының және Қазақстан Республикасының

      2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы"

      кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 801-бабының негізінде нұсқама

      беремін: 20__ жылғы " __ " _________ 20__ жылғы " __ " _________

      мерзімге (үш тәуліктен аспайтын) дейін көрсетілген мерзім ішінде

      міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтатыла тұрсын

      _____________________________________________________________________

      (тоқтатыла тұратын қызметтің, жекелеген өндірістерді,

      _____________________________________________________________________

      цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды,

      _____________________________________________________________________

      механизмдерді пайдалануды көрсету)

      Осы нұсқаманың орындалуына жауапкершілік ______________________

      ___________________________________________________________ жүктеледі

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек

      кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасының негізінде бұл

      нұсқаманың міндетті күші бар.

      М.О. (Бас) Мемлекеттік еңбек инспекторы

      (керектінің асты сызылсын)

      __________________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы

      Нұсқаманы алдым _______________________________________________

      (атқаратын лауазымы, тегі, аты,

      _______________________________________________

      әкесінің аты (ол болған кезде), алған күні)

      _______________________________________________

      Нұсқама ______________ данада жасалды.

  Қазақстан Республикасы  
  Денсаулық сақтау және   
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 30 қарашадағы 
  № 904 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
ХАТТАМА № ___

      20__ жылғы "__" _________ __________________________________

      (жасалған күні, орны және уақыты)

      Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы ______________________________

      (хаттаманы жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің

      193-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы

      шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің (бұдан әрі

      – ҚР ӘҚБтК) 803-бабына сәйкес осы хаттаманы жасадым.

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      және деректемелері)

      қызметін тексеру кезінде мыналар анықталды: _________________________

      _____________________________________________________________________

      (әкімшілік құқық бұзушылықты тексеруді жүзеге асыру барысында

      _____________________________________________________________________

      белгіленген бұзушылықтарды жасау орны, уақыты және мәні)

      бұл ҚР ӘҚБтК-ні бұзушылық болып табылады және ҚР ӘҚБтК-нің __________

      (баптары мен тармақтары) сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      Егер бар болса, куәгерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      кезде), мекенжайы:

      _____________________________________________________________________

      (ҚР ӘҚБтК-нің 754-бабына сәйкес)

      Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, егер әкімшілік

      құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезінде техникалық құрал

      пайдаланылса, оның көрсеткіштері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ҚР ӘҚБтК-нің 738-бабы негізінде іс жүргізу тілін ______________

      деп айқындаймын.

      Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні,

      тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың,

      ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық

      мекенжайы (егер бар болса)

      _____________________________________________ жауапты болып табылады.

      Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін жауапты адамның

      түсініктемесі _______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ҚР ӘҚБтК-нің 744-бабына сәйкес)

      ______________

      (қолы)

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      Хаттаманың бір данасын алдым,

      құқықтарыммен және міндеттеріммен

      таныстым __________________________ ___________________________

      (әкімшілік құқық бұзушылықты (Тегі, аты, әкесінің

      жасаған адамның қолы) аты (ол болған кезде)

      Куәгерлер ___________ _________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Әкімшілік істің қаралған күні,

      орны және уақыты туралы

      хабардар етілдім: ______________________ ______________________

      (әкімшілік құқық бұзушылықты (Тегі, аты, әкесінің

      жасаған адамның қолы) аты (ол болған кезде)

  Қазақстан Республикасы  
  Денсаулық сақтау және   
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 30 қарашадағы 
  № 904 бұйрығына
  6-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      20__ жылғы ______________________

      _________________________________

      (қаралған күні, орны және уақыты)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
№ ___ ҚАУЛЫ

      Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы______________________________

      (қаулы шығарған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы,

      тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың,

      ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық

      мекенжайы (егер бар болса)

      _____________________________________________________________________

      _______________________ қатысты ________________ көзделген әкімшілік

      (ҚР ӘҚБтК-нің бабы)

      құқық бұзушылық туралы істі қарап, __________________________________

      (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)

      _________________________________________________________ белгіледім.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік

      құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК)

      738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _______________ деп айқындаймын.

      Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 693 және

      821-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік еңбек инспекторы

      ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      _____________________________________________________________________

      (әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ҚР ӘҚБтК-нің _________ бабы бойынша _____ айлық есептік

      көрсеткіш мөлшерінде ______________________________________ сомада

      (сомасы жазбаша)

      айыппұл салынсын.

      Айыппұл заңды күшіне енген күнінен бастап __________ тәуліктен

      кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық

      комитетінің банкіндегі № ____________ бюджеттік шотқа енгізілуге тиіс

      коды______________ Мемлекеттік кірістер комитеті _____________,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________

      банк бинифициары ______________________________________________

      банктік сәйкестендіру нөмірі (БСК) ___________________________,

      айыппұлды төлегені туралы түбіртек айыппұл салған мемлекеттік еңбек

      инспекторына ұсынылады.

      Қаулыға ҚР ӘКБтК-нің 830, 832-баптарында көзделген тәртіппен

      шағым және наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10

      тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған адам оны алған

      күннен бастап беруі мүмкін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      20__ жылғы "__" __________

      Хаттаманың бір данасын алдым,

      құқықтарыммен және міндеттеріммен

      таныстым __________________________ ___________________________

      (әкімшілік құқық бұзушылықты (Тегі, аты, әкесінің

      жасаған адамның қолы) аты (ол болған кезде)

      20__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
7-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      20__ жылғы ______________________

      _________________________________

      (қаралған күні, орны және уақыты)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
іс жүргізуді тоқтату туралы
№ ___ ҚАУЛЫ

      Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы______________________________

      (қаулы шығарған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы,

      тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың,

      ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық

      мекенжайы (егер бар болса)

      _____________________________________________________________________

      _______________________ қатысты ________________ көзделген әкімшілік

      (ҚР ӘҚБтК-нің бабы)

      құқық бұзушылық туралы істі қарап, __________________________________

      (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)

      _________________________________________________________ белгіледім.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік

      құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК)

      738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _________________ деп айқындаймын.

      Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 693 және

      821-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік еңбек инспекторы

      ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      _____________________________________________________________________

      (жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.

      Қаулыға ҚР ӘҚБтК-нің 830, 832-баптарында көзделген тәртіппен

      шағым және наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10

      тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған адам дәл сол

      мерзімде, бірақ оны алған күннен бастап беруі мүмкін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      20__ жылғы "__" __________

      Хаттаманың бір данасын алдым,

      құқықтарыммен және міндеттеріммен

      таныстым __________________________ ___________________________

      (әкімшілік құқық бұзушылықты (Тегі, аты, әкесінің

      жасаған адамның қолы) аты (ол болған кезде)

      20__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
8-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының
қорытындысы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      (мәселенің мәні баяндалады)

      ____________________________________________________________ бойынша

      Мемлекеттік еңбек инспекторы________________________________________

      (Мемлекеттік еңбек инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),

      жұмыс берушінің атауы)

      20___жылғы "____"__________ 20___жылғы "____"__________дейін

      жүргізген тексерудің (бақылаудың бақылау субъектісіне барумен өзге де

      нысандары) және басқа да материалдардың (атап өту) негізінде мынадай

      қорытындыға келемін ________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жоғарыда аталғандардың негізінде, сондай-ақ Қазақстан

      Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабын

      басшылыққа ала отырып, келесі қорытындыға келдім:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек

      кодексінің 193-бабы 4) тармақшасының негізінде бұл қорытындының

      міндетті күші бар.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      20__ жылғы "__" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады