1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 102-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Қорғанысмині | 2020 жылғы тамыз | М.К. Бектанов |
2. | "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 6 қарашадағы № 718қ Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Қорғанысмині | 2020 жылғы тамыз | М.К. Бектанов |
3. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2020 жылғы тамыз | М.С. Өсіпов |
4. | "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2020 жылғы тамыз | Т.Т. Дәндібаев |
5. | "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2020 жылғы қыркүйек | Т.Т. Дәндібаев |
6. | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2020 жылғы қыркүйек | Б.Қ. Тортаев |
7. | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2020 жылғы қыркүйек | Б.Қ. Тортаев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті