Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.05 № 916 Қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7) және 38-8) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.03.2019 № 131 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2001 жылғы 16 тамыздағы
  № 1074 қаулысымен
  бекітілген

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Ережеге өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 03.11.2014 N 1166қпү (құпия) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707; өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 01.07.2014 № 754 (құпия) қаулыларымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 14-үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 қаулысымен.

      10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 772 қаулысымен.

2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің миссиясы – Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері:

      1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;

      2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;

      3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      орталық аппараттың функциялары:

      1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;

      2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;

      4) мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді;

      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;

      6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, оларды басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдануды айқындайды;

      6-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;

      7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;

      7-1) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;

      8) әскерлерді инспекциялауды және Қарулы Күштердегі қаржы қаражатының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

      9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      9-1) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін айқындайды;

      10) ведомстволық әскери оқу орындарының және әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;

      11) әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлауды үйлестіреді;

      11-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      11-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;

      11-3) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      11-4) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады;

      11-5) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      11-6) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады;

      11-7) жеке әскери-есептік құжаттарды ресімдеу, оларды беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды, сондай-ақ жеке әскери-есептік құжаттар бланкілерін жасауды ұйымдастырады;

      11-8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 қаулысымен;

      12) қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

      13) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      13-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      14) террорризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жерүсті кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;

      15) мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін, Қарулы Күштердің ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстайтын және қамтамасыз ететін, өз құзыреті шегінде сыртқы барлауды, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылды, сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      15-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық мемлекеттік мекемелері басшыларының тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындайтын жеке жəне заңды тұлғаларға ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды;

      16) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді;

      17) өз құзыретi шегінде əскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мəселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;

      19) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі;

      20) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдаланылатын диапазондардағы радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс мұқтажы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрін және тиісті радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

      22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде шифрлау жұмысын, мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды, өндіруді, енгізуді, сүйемелдеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      22-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;

      23) азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады;

      24) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      25) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      26) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      27) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      28) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      29) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      30) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;

      30-1) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;

      31) қарулы жанжалға мәжбүрлеу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардан сақтандыруға қатысады;

      32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін материалдық- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      32-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады;

      33) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты даярлау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды;

      33-1) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      33-2) жұмылдыруға, соғыс жағдайы мен соғыс уақытына Қарулы Күштердің дайындығын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, аумақтық әскерлердің, әскери оқытылған резервтің дайындығын үйлестіреді;

      34) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      34-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      35) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;

      35-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;

      35-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды бекітеді;

      36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;

      36-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;

      37) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      38) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

      38-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      38-2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 қаулысымен;

      38-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      38-4) стандарттау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      38-5) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      38-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      38-7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      38-8) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      38-9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамасын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды ұйымдастырады және жүргізеді;

      38-10) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде арнайы тексерулер мен арнайы зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      38-11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;

      38-12) құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізеді;

      38-13) Қазақстан Республикасының әскери ұлттық стандарттарын әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;

      38-14) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;

      38-15) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қосарланған және әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асырады;

      38-16) қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының радиоэлектрондық құралдары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат береді;

      38-17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      38-18) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      38-19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

      38-20) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар және Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;

      38-21) пилотсыз ұшу аппараттарының шекаралық белдеудің үстінен ұшуын келіседі;

      38-22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

      38-23) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді;

      38-24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді;

      38-25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;

      39) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ведомствоның функциялары:

      1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;

      2) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын əзірлейді;

      2-1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      3) әскерлерді жоспарлау, дайындау және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;

      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 қаулысымен;

      5) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмылдыру жоспарын әзірлеуге қатысады;

      6) Қарулы Күштерді жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінде ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      6-1) экономика салаларынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      6-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын әзірлейді;

      7) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін күзетуді және қорғауды қамтамасыз етеді;

      8) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын əзірлейді;

      10) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен;

      11) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді;

      12) Қарулы Күштерді әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен жасақтауды, азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;

      13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен жедел қолдану және олардың өзара іс-қимылы жоспарын әзірлеуге қатысады;

      14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 қаулысымен;

      15) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөніндегі ұсыныстарды енгізуді жүзеге асырады;

      16) Қарулы Күштерді қару-жарақтың, әскери техниканың қажетті түрлерімен, оқ-дәрілермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді, оларды пайдалануды, сақталуын, есепке алуды, есептен шығару мен кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, сондай-ақ бейбіт уақытта әскерлерді жұмылдыра өрістету үшін осы құралдардың қорларын жинақтауды және орналастыруды жоспарлауды ұйымдастырады;

      16-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;

      16-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның өтініші негізінде пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсетеді;

      17) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      18) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      19) әскерлердің қызметіне байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      20) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармаларды тиісті жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы хабардар етеді;

      21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери жиындарды ұйымдастырады және өткізеді;

      22) халық пен аумақты қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарынан қорғау жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру және оның салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;

      23) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      24) мемлекеттік авиация қызметі саласында бақылауды жүзеге асырады;

      25) мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асырады;

      25-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыруды, жинақтауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;

      25-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді;

      25-3) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;

      25-4) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi;

      25-5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдануды және басқаруды, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылын жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.06.2015 № 425; 29.12.2015 № 1107; 15.11.2016 № 704; 30.10.2017 № 685; 16.11.2018 № 772; 19.03.2019 № 131 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2020 № 669; 08.04.2021 № 217; 30.09.2021 № 694 қаулыларымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алу және пайдалану;

      4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      20. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының, Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді;

      3) бекітілген штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымын және оның бөлімшелерінің штат санын айқындайды;

      4) Министрліктің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;

      6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының Президентіне белгіленген номенклатураға сәйкес Қарулы Күштердегі лауазымдарды алмастыру үшін және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады;

      8) бұйрықтар мен директивалар шығарады;

      9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылымы жөніндегі ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету және қаржылық қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады;

      10) өз өкілеттіктері шегінде әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды, қызметі бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан шығару жөніндегі мәселелерді шешеді;

      11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы және әскер түрлері, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басқару органдары туралы ережелерді бекітеді;

      12) қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың негізгі түрлеріне тапсырыстар беру, сатып алу көлемін, сондай-ақ Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің құрылымдық жабдықталым бөлімшелері бойынша бюджет қаражатын бөлуді бекітеді;

      13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;

      13-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;

      14) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастрын бекітеді;

      15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекітеді;

      16) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ жазалар қолданады;

      17) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлерінің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;

      18) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;

      19) меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-1) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;

      19-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;

      19-3) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;

      19-4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 қаулысымен;

      19-5) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-6) жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженi бекітеді;

      19-7) азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекітеді;

      19-8) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекітеді;

      19-9) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламаларын бекітеді;

      19-10) әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді;

      19-11) оларда қызмет өткеру әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беруге құқық беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекітеді;

      19-12) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдеріне өтемақы мөлшерін бекітеді;

      19-13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;

      19-14) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу қағидаларын бекітеді;

      19-15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекітеді;

      19-16) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;

      19-17) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын бекітеді;

      19-18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-19) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын бекітеді;

      19-20) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      19-22) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекітеді;

      19-23) бастапқы əскери дайындық қағидаларын бекітеді;

      19-24) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;

      19-25) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекітеді;

      19-26) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;

      19-27) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекітеді;

      19-28) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін бекітеді;

      19-29) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;

      19-30) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекітеді;

      19-31) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекітеді;

      19-32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19-33) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-34) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекітеді;

      19-35) полиграфологиялық жəне психологиялық-физиологиялық зерттеулерді қолданумен тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;

      19-36) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-37) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекітеді;

      19-38) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын бекітеді;

      19-39) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекітеді;

      19-40) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-41) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекітеді;

      19-42) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын бекітеді;

      19-43) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-44) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-45) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының жария етілмейтін құрамының тізбесін бекітеді;

      19-46) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекітеді;

      19-47) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-48) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді;

      19-49) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-50) Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-51) Жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-52) Қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-53) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрiлік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекітеді;

      19-54) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ведомстволық күзет бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін күзетуін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-55) Ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;

      19-56) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді;

      19-57) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-58) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті атқаруды бағалау әдістемесін бекітеді;

      19-59) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      19-60) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-61) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-62) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;

      19-63) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      19-64) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қағидаларын бекітеді;

      19-65) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-66) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде есептеу техникасы құралдарын (жергілікті есептеу желілерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде) қолдана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-67) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      19-68) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамаларын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды жүргізу жөніндегі сараптама комиссияларының құрамын бекітеді;

      19-69) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындары ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді;

      19-70) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сүңгуірлік түсулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-71) ұйымдық-штаттық іс-шаралардың материалдарын жоспарлау және дайындау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің штаттары мен табельдерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-72) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Әскери атақтар тізбесіне сәйкес әскери қызметшілердің штаттық лауазымдарының, әскери атақтарының, әскери-есептік мамандықтарының тізбесін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері лауазымдары мен әскери атақтарының кодтарын бекітеді;

      19-73) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің орналасу есебін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      19-74) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін жұмылдыруды жүргізу және жергілікті әскери басқару органдарының адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      19-75) Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;

      19-76) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-77) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды және 200 шақырымнан астам қашықтықта пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-78) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      19-79) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери мүлікпен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-80) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-81) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-82) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құпияландырылған байланыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-83) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құпияландырылған байланыстың ведомстволық желісі жабдығын орналастыру және монтаждау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-84) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде байланыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және байланыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын жіктеу қағидаларын бекітеді;

      19-85) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республикалық мемлекеттік мекемелерінде қызметтік хат алмасу және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-86) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының және Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;

      19-87) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-88) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-89) алғашқы көмек (жеке, топтық) дәрі қобдишаларының тізімдемелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      19-90) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүргізу, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қажетті ақпаратты алу қағидаларын және негіздерін бекітеді;

      19-91) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Қарулы Күштерінде қызметтік пайдаланудағы техникалық құралдарды (ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) кіргізу, шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      19-92) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

      19-93) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын бекітеді;

      19-94) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық мекемелерінде әскери қызметшілерге медициналық қарап-тексеру жүргізудің қағидаларын бекітеді;

      19-95) тағайындау кезінде əскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекітеді;

      19-96) соғысқа қатысушы куәлігін беру қағидаларын бекітеді;

      19-97) ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      19-98) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;

      19-99) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;

      20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оның орнында болатын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.10.2017 № 685; 16.11.2018 № 772; 16.10.2020 № 669; 08.04.2021 № 217 қаулыларымен.

      22. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

      23. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      24. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне бекiтiліп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      26. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, егер заңнамада өзгелер белгіленбесе, оған бекiтiліп берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелік етуге құқылы емес.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қысқарту

      27. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тізбеге өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 184 қаулысымен (құпия).

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Құпия.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 26.09.2015 N 789 (құпия); 25.01.2018 № 29; 11.09.2020 № 570 қбпү; 04.11.2020 № 734 қбп қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      Құпия.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады